Алматы облысында жолдың бойында көкпар ойнағандар жауапқа тартылды

Аиса Махамбет Редактор
03.10.2024, 15:33
635
Алматы облысында жолдың бойында көкпар ойнағандар жауапқа тартылды бейнежазбадан алынған кадр

Алматы облысында полиция қызметкерлері жолдың бойында атпен ойын ұйымдастырған ер адамдарды жауапқа тартты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Жамбыл ауданы Қарғалы ауылындағы бір топ салт аттының жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды.

Аталған құқық бұзушылар аудандық полиция қызметкерлерімен анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа қатысушыларының ережелерін бұзғаны үшін ер адамдар әкімшілік жауапқа тартылды.

Айта кету керек, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді үнемі бақылап, құқық бұзушылықтарды анықтау және уақытылы алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Құқық қорғаушылар барлық жол қозғалысына қатысушыларды қоғамдық тәртіпті бұзбай, жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Еске салайық, бұған дейін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан финалдағы Қазақстанның жеңісіне қырғызстандықтар жаппай наразылық білдірген еді. Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын 4:5 есебімен жеңіп, ел қоржынына алтын медаль салды. Бірақ қырғыз ағайындар ойынның әділетсіз өткенін айтып, төрешіні жерден алып, жерге салды.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды