Түркістан облысында жаңадан төселген асфальт бөлініп, үгітіле бастаған (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
03.10.2024, 16:57
779
Түркістан облысында жаңадан төселген асфальт бөлініп, үгітіле бастаған (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Түркістан облысында жаңадан төселген асфальт бір күнге де шыдамай бұзылып жатыр. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде жаңадан төселген асфальттың бұзылған бөлігі түсірілген видео тарады. Кадрлардан ескі жол қабатының алынбағанын байқауға болады. Оқиға А-15 республикалық тас жолының "Жыззақ-Гагарин-Жетісай-Қызыләскер-Абай-Сарыағаш-Қапланбек-Жібек жолы" учаскесінде болған.

Жергілікті Антикор департаментінің мәліметінше, тас жолдағы ақау 29 қыркүйекте анықталған.

"Жол төсемдеріндегі ақау көліктердің жаңадан төселген жолға мән бермей, жүруінен болған. Бұл аймақта жұмыс тығыз жағдайда жүргізілді. Балама айналма жол жоқ. Аудандағы көліктердің қарқындылығы тәулігіне 20 мыңнан асады. Ал жүк тасымалы тәулігіне 3 мыңнан жоғары. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Түркістан облыстық филиалының атынан тапсырыс беруші аталған бөлім бойынша орындалған жұмыстарды қабылдамады", – делінген агенттік жауабында. 

"ҚазАвтоЖол" жолдың Көлік министрлігінің құзырында екенін айтты. Компанияның облыстағы филиалы жағдайды түзету үшін жұмыс істеп жатыр.

"Филиал Мердігерге тиісті зертханалар мен институттардың сапасы туралы қажетті қорытындылар мен растауларды ұсынып, қайта құру арқылы барлық ақауларды жоюды тапсырды", – делінген жауапта.

Сонымен қатар, мердігерге келісім-шарт негізінде ақауларға байланысты айыппұлдар салынды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды