«2018 жылы түрмеге түстім»: «Мұнарлан» тобы орындаған «Аппақ қар» әнінің авторы базарда жүк тасушы болып жүр

Аиса Махамбет Редактор
03.10.2024, 20:50
1120
«2018 жылы түрмеге түстім»: «Мұнарлан» тобы орындаған «Аппақ қар» әнінің авторы базарда жүк тасушы болып жүр бейнежазбадан алынған кадр

2010 жылы “Мұнарлан” тобының орындауындағы “Аппақ қар” әнінің авторы Байділдә Әбділдаев қара жұмыс істеп жүр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сазгер Алматыдағы “Алтын орда” базарында жүк тасушы болып еңбек ететінін “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтып берді. 

“Өнерде тиын табу кішкене қиынырақ. Бала-шаға асырау керек. Жұмысқа алып кетеді. Бағасына келісесің. Екі адам болса, 30 мыңды 15 мыңнан бөліп аласың. Ресейде екі әні хит болса, сарай соқтырып алады екен. Гонорар көп төленеді. Ал бізде жағдай осы. Үкімет ән авторларына бюджеттен жәрдемақы бөлсе жақсы болатын еді. Сонда бәрі өнерде жүретін еді. 25 жасымнан намаз оқып кеттім. Сол кезде бұл әндер хит бола бастады. 2018 жылы түрмеге түстім. Бір жыл түрмеде отырып, екі жыл бақылауда болдым. Ол жақта да әндер жаздым. 30 шақты әнім бар. Негізі жарыққа шығып, танымал болғаны – “Аппақ қар” әні. Түрмені түзеу мекемесі дейді ғой, меніңше, түрме адамды бұзады. Сол жақта денсаулық та, мінез де бұзылды. Бұзық достарым да көбейді. Бұлай жүргенім жарамас деп, шығармашылықты қайта қолға алып жатырмын", – деді сазгер. 

Сазгердің сөзінше, талай жүректің төрінен орын алған туынды баянсыз махаббаттан туған екен. 

“Бала кезде бір қызға ғашық болғанмын. 1977 жылғы қыз еді. Бала махаббат болды. Анам бастапқыда қарсы болған. Әскерден келген соң анам үйленуге рұқсат берді, бірақ айырылыстық. Қазір әйелім маған жазбадың деп ренжиді. Өзімнен 9 жас кіші ауылдың қызына үйленгенмін. Үш қызым, бір ұлым бар", –дейді хит әннің авторы. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды