Алдағы уақытта қазақ ғарышкері ғарышқа ұшпақ

Қазір төртінші ғарышкерді ұшыру үшін тиісті мемлекеттермен келіссөз жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Алдағы уақытта қазақ ғарышкері ғарышқа ұшпақ
iz.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, тағы бір қазақстандық ғарышты бағындыруы мүмкін. Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов ғарышкерді дайындау мәселесі талқыланып жатқанын айтты.

Қазақстанда ғарышкерлерді дайындайтын оқу орны жоқ. Сол себепті нақты шешім шықса, белгіленген адам ғарышқа АҚШ немесе Ресейдің арнайы бағдарламасы арқылы ұша алады. Әзірге нақты кімнің аттанатыны жайлы ақпарат жоқ.

Айта кетсек, Қазақстанда ғарыштық 5 бағдарлама бар. Ал ғалымдар алтыншы бағдарламаны жасап жатыр.

Материал авторы