Ақтөбеде мас жүргізушінің кесірінен 500-ден астам отбасы газсыз қалды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
04.10.2024, 13:59
851
Ақтөбеде мас жүргізушінің кесірінен 500-ден астам отбасы газсыз қалды (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Ақтөбеде көлік шұңқырға түсіп кетіп, салдарынан газ құбырлары бұзылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, оқиға таңғы уақытта болған. Жүргізуші әйел мас болған екен. Апаттың кесірінен 500-ден астам отбасы тұратын сегіз көпқабатты үй газсыз қалды.

Қызыл Мерседестің бар жылдамдықпен шұңқырға құлаған сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Көлікте тағы кім болғаны белгісіз.

Мас жүргізушінің кесірінен 560 абонент пәтерінде көгілдір отынсыз қалды. Жаңа ғимаратқа газ құбырын тарту үшін шұңқыр қазылып, ол жерді қоршап қойған екен. Сондай-ақ көлік тас жолды зақымдаған. Төтенше жағдайлар қызметі көмекке келді.

“3 қазан таңғы сағат 6:30-да Мерседес көлігінің жүргізушісі шұңқырға кіріп кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 39 жастағы әйел зардап шеккен жоқ. Сараптама жүргізушінің мас болғанын көрсетті. Хаттама жасалып, сотқа жолданды”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, БҚО әкімдігінің қызметкері бірнеше көлік соқтығысқан жол апатына себепкер болған еді.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады