«Жүкті қыз бен 9 жасар баланы зорлаған»: Сексуалды құлдықта ұстады деп айыпталған рэпер P.Diddy-дің құрбандары белгілі болды

Аиса Махамбет Редактор
04.10.2024, 15:11
2318
«Жүкті қыз бен 9 жасар баланы зорлаған»: Сексуалды құлдықта ұстады деп айыпталған рэпер P.Diddy-дің құрбандары белгілі болды жеке мұрағатынан

Рэпер әрі продюсер Puff Daddy (P.Diddy деген атпен белгілі) рэкет, сексуалды құлдық пен сауда және жеңгетайлық үшін қамауға алынған еді. Енді адвокаттар продюсердің ықтимал құрбандары туралы шағымдардың егжей-тегжейін айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қорғаушы Тони Бeзбидің айтуынша, айыптаушы тараптан шамамен 3285 қоңырау қабылданған. Олардың барлығы Шон Комбстың (P.Diddy) құрбаны болғанын айтқан. Тексеруден кейін адвокаттар рэперге қатысы бар сексуалдық зорлық-зомбылық туралы 120 шағымды таңдаған. 

Құрбан болғандар 9 бен 38 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер. Олардың көбі қара нәсілділер. Қалғандары азиялық және “ақ” адамдар. 25 жәбірленуші кәмелет жасына толмаған. Диддидің ықтимал құрбандарының 25-тен астамы штаттарда, яғни Нью-Йорк, Калифорния, Джорджия және Флоридада тұрады. Олар мәлімдеген істер 25 жылдан астам уақытты қамтиды. Зорлық-зомбылық оқиғалары альбом шығару, жаңа жылдық және Puppy party кештерінде жасалған екен. Қаза болғандардың кейбірінің қанынан қуаты аттың күшіндей күш беретін транквилизаторлар табылған.

Қорғаушы Бузбидің сөзінше, кешке қатысудың құны бір коктейль болған. Келушілерге есірткі қосылған сусынды кіре берісте ішуге тура келген.

"Тағы бір жағдай. Бір ер адам 9 жасында Нью-Йоркте Bad Boy Records (1993 жылы Шон Комбс негізін қалаған лейбл) арқылы тыңдаудан өткен. Оған Шон Комбс және студиядағы бірнеше адамдар жыныстық зорлық-зомбылық жасаған. Осылайша олар келісім шарт жасауға уәде берген”, – дейді қорғаушы. 

Тағы бір арыз бойынша, Puff Daddy жасөспірімге ата-анасына білдірмей өзімен оңаша кездесіп тұруды ұсынған. Есесіне атақты болатынына уәде еткен. Кездесуде продюсер оны оральді секс жасауға көндіріпті. Тағы бір 15 жасар қыз кештердің бірінде рэпердің көзінше есірткі тұтынып, зорланған екен. 

“Жәбірленушілердің біріне қара түсті көлік ішінде белгісіз сусын берген. Келесі күні бойжеткен ішкиімсіз және аяқкиімсіз оянған. Ал кеуде аймағынан жарақат байқаған. Тағы бір кәмелет жасына толмаған жүкті қыз Майамиде Комбс ұйымдастырған кешке қатысқан. Арызданушы ішімдік ішпеген. Алайда үстелде тұрған сұйықтықтарға бірнәрсе араластырылғанын байқаған. Қыз ертесіне, басқа төсекте оянған”, – дейді қорғаушы. 

Қорғаушы Puff Daddy-ден басқа аудиторияны дүр сілкіндіретін танымал есімдерді атады. Олар – Диддидің сыбайластары әрі оқиғаны бақылап, ештеңе істемеген куәгерлер.

“Біз бұл жерде адамдардың есімін ғана емес, Комбстың әрекетіне қатысты полицияға зорлық-зомбылық оқиғалары туралы хабарламаған компаниялар – банктер, фармацевтикалық фирмалар және қонақүйлер туралы айтып отырмыз”, – деді қорғаушы. 

Сексуалды құлдық пен сауда және жеңгетайлық үшін айыпталған продюсер уақытша ұстау изоляторында кепілсіз сотты күтіп отыр. Оның келесі сот отырысы 9 қазанға жоспарланған.

Айта кетейік, бұған дейін 17 қыркүйекте рэпер әрі продюсер Puff Daddy (P.Diddy деген атпен белгілі) рэкет, сексуалды құлдық пен сауда және жеңгетайлық үшін қамауға алынып, Голливудта үлкен шу шыққан еді. Рэпердің ұйымдастырған кештерінде танымал поп-жұлдыздардың болғаны да белгілі, желіде фотолар пайда болған. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды