Домофонды кірпішпен сындырған елорда тұрғыны қамауға алынды
Оқиға таңғы уақытта болған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 26 жастағы мас ер адам үйде кілтін ұмытып кеткен. Содан кіреберіс есікті аша алмай, домофонды кірпішпен сындырған.
Оның заңсыз әрекеті бейнекамераға жазылған.
Сот шешімімен бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор