«Танымай қалдық»: Ләйлә Сұлтанқызының декреттегі кезі ел талқысына түсті
Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы декретте отырып, бала тәрбиесімен айналысқан кезінен фото жариялады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, БАҚ өкілі үйде отырған аналарға қолдау білдірді.
"Декреттің де соңы бар. Берілмейміз, қыздар. Кімге жіберу керек екенін білесіздер", — деп жазды тележүргізуші.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, журналистің сыртқы келбетін қызу талқылап жатыр.
“Сіз де біздей болғансыз, біз де сіздей болармыз", “Көреміздің” кейіпкері ме деп қалдым”, “Сізді танымай, бірінші фотоны көріп, мына әйелге не болды екен деп қалдым ғой", "Бәріміздің басымыздағы жайттан бұл кісі де өткен екен", "Еңбек, талант, шаршамай алға жылжудың арқасы деп білемін", "Декретте қартайып, кейін жасарады екенбіз ғой", – деп жазды көпшілік.
Материал авторы