5313

Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, әйел адам мерт болды

Әйел оқиға орнында қайтыс болды.

Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, әйел адам мерт болды
zakon.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 4 қазанда Алматыдағы Бөкейханов қиылысында жол апатынан бір адам мерт болды. Бұл туралы Zakon.kz жазды.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, Mitsubishi көлігінің жүргізушісі Солтүстік айналым көшесімен солтүстік бағытта, Бөкейханов көшесінің қиылысында келе жатып жеке тасымалдаушыға тиесілі 58 бағыттағы автобуспен соқтығысты.

Жол апаты салдарынан Mitsubishi көлігінің жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Адам өліміне себеп болған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды, – деп хабарлады ведомство.

Материал авторы