Алматыда хостелдегі 13 адамның өлімі: Адвокат ғимаратты біреудің әдейі өртегенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
05.10.2024, 15:35
649
Алматыда хостелдегі 13 адамның өлімі: Адвокат ғимаратты біреудің әдейі өртегенін айтты ашық дереккөзден

Алматыда хостелдегі 13 адамның өліміне қатысты сот отырысы басталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, іс бойынша күдікті ретінде өртеген ALA Hostel директоры Әділбек Мұхамедияров пен хостелде өрт қауіпсіздігі жүйесін орнатумен айналысқан “Гидсервис” компаниясының басшысы Александр Пекельник танылған.

Тергеушілердің пікірінше, қайғылы оқиғаға өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себеп болған, сондықтан іс бойынша жауапкершілік Мұхамедьяров пен Пекельникке жүктелген. Сотта екі айыпталушының да адвокаттары тағылған айыптарды жоққа шығаратындарын мәлімдеді.

Айыпталушы Александр Пекельниктің қорғаушысы Карина Сейітқожанованың айтуынша, өрт қауіпсіздігі жүйесі 2022 жылы орнатылған, бұл кезде құжат бойынша ғимарат тұрғын үй болмаған. Сондықтан қорғаушысы Пекельниктің өртке жауапты емес екенін алға тартты. Сонымен қатар жүйені қабылдау-тапсыру актілеріне ешқашан қол қойылмаған болып шықты. 

Заңгердің айтуынша, Пекельник ғимараттың пайдалану мақсаты өзгергенін білмеген және жүйені орнатқаннан кейін ешқашан өрт қауіпсіздігіне жауапты болмаған. Қорғаушы сотқа дейінгі тергеу бұл фактілерді есепке алмағанын алға тартып, Пекельникке қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуды талап етуде. Қорғаушының талабына прокурор қарсылық білдірді. 

Ал айыпталушы Мұхамедияровтың қорғаушысы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі ғимаратты жалға алушы "Куса Halyk" ЖШС-де екенін алға тартады. Қорғаушының айтуынша, ғимарат дүкен ретінде жалға берілген. Мұхамедияровқа ғимараттың хостел ретінде пайдаланылғаны туралы хабарланбаған. 

Сондай-ақ қорғаушы бейнебақылау камераларындағы видеоға сілтеме жасай отырып, ғимаратты әлдекім әдейі өртеген болуы мүмкін деп есептейді. Видеода өрттің алдында хостелге бейтаныс адамның кіргені көрінеді.

"Өрт-техникалық сараптамасының қорытындысына сәйкес, өрттің шығуына сыртқы өрт көзі себеп болуы мүмкін. Бақылау камералары өрттің алдында ғимаратқа бейтаныс адамның кіргенін, ал өрт ол ғимараттан шыққаннан кейін көп ұзамай басталған. Бұл адам 15 минуттай болған. Оны көрген куәгерлер де бар. Ол онда тұрмаған. Жеке басын анықталды. Оның ісі заңсыз жеке өндіріске бөлініп, Алмалы аудандық әкімшілігіне берілді. Ол бұрын көрші аудандағы хостелде ұрлық жасағаны үшін сотталған. Бұл мән-жайлардың барлығы расталды", – деді сотталушының адвокаты Асылбек Әбдірайымов.

Қорғаушы істі қайта саралауды сұрады. Прокурор қазіргі кезеңде істі қысқарту туралы шешім қабылдау мүмкін еместігін айтып, өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды сұрады.

Отырыс қорытындысы бойынша судья негізгі сот отырысын жалпы тәртіп бойынша 15 қазанға тағайындау туралы шешім қабылдады.

"Пекельникке қатысты өтініш қанағаттандырылмайды. Әбдірайымовтың да, оның ішінде бұлтартпау шарасына қатысты өтініші де қанағаттандырусыз қалады", – деді судья.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды