«Денесін балтамен бөлшектеп, өртеген»: Алматыда шетел азаматының мәйіті табылды

Аиса Махамбет Редактор
05.10.2024, 16:52
459
«Денесін балтамен бөлшектеп, өртеген»: Алматыда шетел азаматының мәйіті табылды бейнежазбадан алынған кадр

Алматыда шетел азаматының өліміне қатысты тергеу басталды. Бұл туралы КТК телеарнасы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, марқұм 50 жас шамасындағы ер адам болған. Ер адамның мәйітінің алдымен бөлшектеліп, сосын өртелгені анықталды. Күдікті ретінде марқұммен бірге тұрған әйел қамауға алынған. Алайда марқұмның қызы әкесінің ауырып көз жұмғанын айтады. Ал марқұм мәйітінің өртелуін көзі тірісінде өзі сұраған екен. Марқұм ұстанған діннің жоралғысы сондай дейді туыстары. 

Жантүршігерлік оқиға қаланың төртінші шағын ауданында болды. Мәйіт табылған пәтерге алғаш болып полицейлермен бірге куә ретінде аула сыпырушы да кіріпті.

“Балтамен шауып тастаған. Ваннаға бөлшектеп-бөлшектеп кіргізіп, жатқызып қойған. Бөлшектеп тастағаннан кейін үстінен от жаққан. Қарайып кеткен ғой, тырнақтары. Бір-екі саусағы күйіп кеткен, қап қара болып. Әр жерінен жаққан. Қолының үстіне қағаз жаққан ба, әйтеуір өртеген”, – дейді аула сыпырушы Нұрлан Жапарқұлов.

Марқұмның қызы әкесінің ауырып, көз жұмғанын айтады. Алайда ер адамның немен ауырғанын айта алмаған.

“Әкемді ешкім өлтірмеді. Ауырып ажал құшты. Ол скандинавтық дінге сенетін. Тірі кезінде, бізге "өлгеннен кейін денесін бөлшектеп, өртеп жіберіңдер" деп ылғи айтатын. Скандинавтық жерлеу рәсімі бойынша, мәйітті қайыққа салып суға жібереді. Артынан жанып тұрған жебені садақпен атып, мәйітті өртейді”, – дейді марқұмның қызы. 

Марқұм Ресейде туып өскен екен. Кейін Қазақстанға келіп, отбасын құрып, балалы-шағалы болыпты. Екі қызы бар. Тағы бір қызды асырап алған.

“Әкем жерлеу рәсімін жүргізуді өгей қызына тапсырған. Өйткені ол эмоционалды, физикалық тұрғыдан арамыздағы ең мықтысы болатын. Әкемізді аман алып қала алмағасын, денесін сыртқа шығара алмайтынын түсініп, пәтердің ішіндегі ваннада өртейтін болып шештік”,  – дейді марқұмның қызы.

Алайда сол маңдағы тұрғындар қылмыстың қызғаныштан болғанына сенімді. Өйткені асыранды деген 20-ның төңірегіндегі қыз марқұмның көңілдесі болуы мүмкін екен.

“Екі әйел сол бір еркекке таласып қалған болу керек. Содан кейін барып бауыздаған ғой, екеуі. Біреуі өзінің әйелі ғой. Екіншісі көңілдесі ғой деймін”, – дейді тұрғындардың бірі. 

Полиция іс бойынша бір адамның ғана қамалғанын мәлімдеді. Қамауға алынған күдіктінің әйелі ме, көңілдесі ме, әлде өгей қызы екені әзірге белгісіз.

“Әуезов ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайы анықталып жатыр”, – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді