Әнші Гүлнәр Сиқымбаева соңғы сұхбатында күйеуі туралы сыр шертіп, арманын айтқан

Аиса Махамбет Редактор
05.10.2024, 18:50
6488
Әнші Гүлнәр Сиқымбаева соңғы сұхбатында күйеуі туралы сыр шертіп, арманын айтқан бейнежазбадан алынған кадр

Бүгін белгілі әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның өмірден озғаны белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі тілшілерге берген соңғы сұхбатында алғаш рет күйеуі туралы сыр шерткен. Сондай-ақ Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі немересімен бірге сахнаға ән айтып шығу арманы екенін айтқан. 

Бұл туралы Гүлнәр Сиқымбаева "Мақсатына жеткендер" бағдарламасында айтқан. Әншінің 38 жыл отасқан күйеуі өзге ұлт өкілі.

Бірінші рет айтайын. Мұны айту маған оңай емес. Ащы болса да, бұл - өзіме ауыр. Ол кісімен 38 жыл өмір сүрдім, 40 жылға екі-ақ жыл жетпеді. Ауыр дейтін себебім, жолдасым, балаларымның әкесі, өзімнің жарым басқа ұлттан болды, славян халқынан. Бірақ өзіме өте жайлы болды. Осы Алматыға туған. Ол кісімен "Гүлдер" ансамблінде танысқанбыз. Ол дыбыстық режиссер, жарық қоюшы еді. Тура концертте сахнаға шығар кезде аяқ киімімнің өкшесі түсіп қалады. Салмағым да оңай емес. Мен қалай шығамын? Енді қайттім? Сахна ондайды кешірмейді. Көрермендер отыр. Жаңағы жігіттің сынған аппаратты балғамен ұрып жатқанын көріп қалғанмын. Соған жүгіріп барып, "Жөндеп берші" деп айттым. Тағдыр шығар, неге жүгіргенімді білмеймін?! Ол балғасымен өкшені тарс-тарс қағып берді. Мені хабарлап жатыр, сахнаға дереу шығып, әнімді айттым. Зал деген толы, көрермен көп. Сондай қиындықтан алып шыққаннан кейін ол жігітті қалай бір кесе шайға шақырмаймын деп ойладым. Жалғыз ол емес, бір-екі бишіні де шақырдым. Ертеңіне 8-наурыз екен, ол маған бір тал гүл сыйлады. Концерттен кейін ол жігіт мені кафеге шақырды. Содан аралас-құралас болып кеттік. Тағдыр ғой енді, сол жігітке тұрмысқа шықтым. Қазақтың бір жігіті маған ол сияқты қараған емес. Кешке концерттен келгенде легенге су құйып, "Шаршадың ғой" деп аяғымды жуып беретін. Қамырымды илеп, манты мен бауырсағымды пісіріп отыратын. Ондай жігітті неге сыйламасқа? Тағдырым солай болар, - деді әнші.

Өнер иесі өз сөзінде ұлы мұсылман екенін, жолдасы ұлына анасының тегін беруді сұрағанын алға тартты. Ал  енесі картоп тазалатып, тамақ әзірлеткізбейтінін айтқан.

Гүлнәр Сиқымбаеваның әкесі қызының өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуына қарсы болған екен. Тіпті 5 жылдай хабарласпай қойған.

Сұхбат соңында әнші өз арманымен де бөліскен. 

Өзін-өзі таппай, кетіп жатқан адамда қаншама. Мың да бір шүкір, ризамын өміріме. Өйткені кірпіш болып қаланып үлгердім. Әлі де ары қарай жүре тұрсам деп ойлаймын. Онша қартайып отырған түрім жоқ. Армандар әлі көп. Немерем қазір 3,5 жаста. Сол немереммен бірге сахнаға ән айтып шықсам деп армандаймын,-деген болатын Гүлнәр Сиқымбаева.

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады