Жаңа жыл мен Наурызда ұзақ демалыс күтіп тұр: Қазақстандықтар 2025 жылы қанша күн демалады

05.10.2024, 20:50
1826
Жаңа жыл мен Наурызда ұзақ демалыс күтіп тұр: Қазақстандықтар 2025 жылы қанша күн демалады banki.ru

Қаңтардың бірінші аптасында бес күннің тек біреуі ғана жұмыс күні болса, ал наурызда қатарынан бес күн демалыс беріледі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылы қазақстандықтарды Жаңа жыл мен Наурыз мерекелерінде ұзақ демалыс күтіп тұр.

Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтар желтоқсанда бір күн 30 желтоқсан, дүйсенбі күні жұмыс істейді. Осыдан кейін 31 желтоқсан, сейсенбі күні және қаңтардың 1,2-сі күндері — сәрсенбі мен бейсенбі күндері демалады. 3 қаңтар, жұма күні жұмыс істеп, содан кейін тағы екі күн демалыс болады.

Наурыз айында қазақстандықтар айдың жартысына жуығында демалыс күндерін қоса алғанда, демалады. 8 наурыз сенбі күніне түскендіктен, 10 наурыз дүйсенбі күні тағы демалыс болады. Ал Наурыз мерекесінде азаматтар қатарынан бес күн демалады: 21, 22, 23, 24, 25 наурыз.

Мамыр мерекелері қысқа болады. Қазақстандықтар әдеттегі демалыс күндері қосымша 1, 7 және 9 мамыр күндері демалады.

Маусым айында, демалыс күндерінен басқа 6 маусым, Құрбан айт мерекесі болады. Қазақстандықтар қосымша бір күн демалады. 

Шілдеде Астана күні — 6 шілде жексенбіге түсетіндіктен, дүйсенбіге ауыстырылады, сондықтан мерекелік аптада үш күн демалыс болады. Тамызда бір мереке бар. 30 тамыз Конституция күні, жексенбіге түсетіндіктен, қазақстандықтар дүйсенбі, 1 қыркүйекте қосымша демалады.

Қыркүйекте 1 қыркүйек мерекесінен басқа тек әдеттегі демалыс күндері ғана болады.

Қазанда қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады, себебі 25 қазан Республика күні сенбіге түсіп, 27 қазан дүйсенбі тағы бір қосымша демалыс күні пайда болады.

Желтоқсанда, Жаңа жылдан бөлек, бір мереке — 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні, сейсенбіге түсіп тұр.

2025 жылы үш айда мейрамдар болмайды: ақпан, сәуір және қараша. Бұл айларда қазақстандықтар тек әдеттегі демалыс күндерімен шектеледі.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады