1090

Олимпиада рекордын қойған Әмір Маймұратов құзға өрмелеуден әлем кубогында жүлдегер атанды

Париж Олимпиадасының рекордсмені Сеулді таңдай қақтырды.

Олимпиада рекордын қойған Әмір Маймұратов құзға өрмелеуден әлем кубогында жүлдегер атанды
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, құзға өрмелеуден Сеулде өтіп жатқан әлем кубогының биылғы шешуші 9-шы кезеңінде қазақстандық Әмір Маймұратов күміс жүлде жеңіп алды.

1/8 финал. Афивит Лимпаничпакди (Таиланд). Уақыт көрсеткіші: 6,19 секунд.

1/4 финал. Майкл Хом (АҚШ). Уақыт көрсеткіші: 5,22 секунд.

1/2 финал. Матео Зурлони (Италия). Уақыт көрсеткіші: 5,57 секунд.

Финал. Хиншанг Ванг (Қытай). Уақыт көрсеткіші: 10,60 секунд.

Жылдамдық сайысы бойынша жалпы 55 спортшы сынға түсті.

Айта кетсек, Әмір Маймұратов - Париж Олимпиадасының қатысушысы. 

Материал авторы