Астанада ықтимал заңбұзушылықтарды әшкере еткісі келген бақылаушы референдумнан шеттетілді

Аиса Махамбет Редактор
06.10.2024, 17:15
524
Астанада ықтимал заңбұзушылықтарды әшкере еткісі келген бақылаушы референдумнан шеттетілді бейнежазбадан алынған кадр

Астанада ықтимал заңбұзушылықтар тіркелгеннен кейін бақылаушы референдумнан шеттетілді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де орналасқан №14 студенттер үйіндегі №2 сайлау учаскесінде "Еркіндік қанаты" ҮЕҰ-ның өкілі Садықов ретінде сайлау процесін бұзған. 

"Бақылаушы жеке мәліметтері бар сайлаушылар тізімін видеоға түсірді. Бұл – ережені өрескел бұзу. “Қазақстанның сайлау туралы” заңына қайшы келеді", – деді учаскелік комиссия төрағасы Хорлан Ташатова.

Мәлімдеуінше, Садықов басқа бақылаушылардың жұмысына кедергі келтіріп, комиссия мүшелерімен дауласып, тәртіп бұзып, дауыс беру процесін қиындатқан.

Бақылаушының өзі учаскелік төрайымға оның осы учаскеде орын алып жатқан заңбұзушылықтарды әшкере еткені ұнамағанын айтады.

“Еркіндік қанаты” қоры комиссияның бақылаушыны сайттан шығару туралы актіні дайындап, бірақ көшірмесін бермегенін хабарлады.

"Заңгерлер келгеннен кейін ғана төрайым байқылаушыны жою актісінің көшірмесін берді. Бақылаушы себепсіз шығарылды деп есептейміз және сотқа шағымданамыз", – деді құқық қорғаушылар.

“Еркіндік Қанаты” олардың Астанадағы кеңсесінде ұялы байланысы мен интернеті таңғы 7-ден бері жұмыс істемей тұрғанын хабарлады.

Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті