«Құдай сені маған не үшін берді?»: Әсел Асқар екі жыл бұрын шетінеп кеткен сәбиін есіне алды

Аиса Махамбет Редактор
07.10.2024, 13:31
1238
«Құдай сені маған не үшін берді?»: Әсел Асқар екі жыл бұрын шетінеп кеткен сәбиін есіне алды жеке мұрағатынан

«Сенімен бірге бұрынғы мен Әсел жоқ. Тек робот бар!» деді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі актриса Әсел Асқар шетінеп кеткен сәбиін еске алып, жазба жариялады. Ол екі жыл бұрын ұлынан айырылып қалған болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі сәбиіне деген сағынышын жеткізіп, сол күн туралы толығымен  есіне түсірді. Желі қолданушылары оған көңіл айтып, қолдауларын білдіруде.

«Бүгін сенің жоқ болғаныңа екі жыл толды. Екі жыл бұрын сенің жүрегің тоқтап қалған кезде мен жансақтау бөлімінде жүгіріп жүрдім. Сені ол жерден тезірек алып кету үшін қажетсіз қағаздарды ұстаған мен дәрігерлерге ешқандай шағымым жоқ екенін айту үшін зомби құсап жүрдім. Сол күні қандай ауыр жағдайда болғанымды сөзбен жеткізе алмаймын. Осы күні сені кептелісте бесік жырын айтып, мәйітханаға апара жатқан едім. Уақыт тоқтап қалған еді. Сенің денең мұздай болып, ауыр және үлкен болып кетті. Мәйітханаға сені алып келгенімізде медбикелер шай ішіп отыр еді. Сені оларға беріп, далада күтіп тұрдым. Содан қайтадан кептеліспен сені соңғы рет үйге әкелдік», - деп жазды актриса.

Сәбиін соңғы сапарға шығарып салар кезінде Әсел Асқар оны ұзақ уақыт бойы ешкімге бермей, құшағында құшақтап отырған.

«Үйге келгенімізде перзентханадан шыққан күні қарсы алғандай, тағы да алдымыздан анам шықты. Бірақ бұл жолы бізді қайғылы жүзбен және қара көйлекпен күтіп алды. Сені оған шомылдыруға бермедім, өзім жуындырдым. Өйткені оның жүрегі шыдамайды, ал мен мықтымын. Сол кзеде бәрі маған аянышты түрмен қарады, барлығын қуып шыққым келді. Бұл қорқыныштан оянғым келді. Имам келіп дұға оқыды, мен әзер шыдап тұрдым. Барлығы маған басу айтты», - деп жазды сол күнді есіне алған ол.

Актриса сол күннен бастап бұрынғыдай емес, өзгеріп кеткенін айтады.

«Құдай сені маған не үшін берді? Қайта алу үшін бе? Сыйлықты берген кезде қайта алмайды ғой. Имам келіп, барлығы мені асықтырды. Кеш түспе  жер қойнына тапсыруымды айтты. Сені менен күшпен тартып алды. Сенімен бірге бұрынғы мен Әсел де жоқ. Тек робот бар», - деп жазды актриса.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады