«Анаң да 40-тан аспаған еді...»: Гүлнәр Сиқымбаеваның неден көз жұмғаны белгілі болды

Аиса Махамбет Редактор
07.10.2024, 15:54
6199
«Анаң да 40-тан аспаған еді...»: Гүлнәр Сиқымбаеваның неден көз жұмғаны белгілі болды жеке мұрағатынан

ҚР еңбек сіңірген артисі Гүлнәр Сиқымбаеваның неден көз жұмғаны белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесінің құрбысы, журналист Қымбат Досжан марқұмды еске алды. 

“Өзіңді “тамағына құс ұялаған әншісің” деп бағалаған еді ұстазың Каукен Кенжетаев ағамыз. Неге асықтың Гүлеке… “Қымбатжан, жаз болса өтіп барады, келсейші Алматыға , немеремді көрсетем, сен де немерелі болып жатырсың, балалар бір бірін көрсін “деп едің туған күніңде құттықтап сөйлескенімде.. түһ, құдай ай, әлі бір 100 жыл өмір сүретіндей көреміз осы… Анаң да 40 тан асар аспаста кеткен еді, Эльмира сіңлің ұйқыдан оянбай қалды, тағы бір інің де жас кетті… Қатты құлазыдың… енді міне өзің де ұйқыдан оянбапсың… не болды жаным ай… Үйдің үлкенімін деуші едің, нағашыңды аузыңнан тастамаушы ең, анаң ерте кеткен соң, нағашыңның қолдауын көрдің.. Әппақ , таза жүрегіңмен мөлдіретіп салған әнің есімізде қалады енді.. Байыр балаңа сабыр тілеймін, ұрпағың аман болсын… Қош бол, Гүлеке”, – деп жазды журналист. 

Айта кетейік, Гүлнәр Сиқымбаева отбасындағы он бес баланың үлкені. Шымкент іргесіндегі Ленгір ауданындағы Майбұлақ таулы ауылында өскен. 1985 жылы Гүлнәр Сиқымбаева "Гүлдерге" қабылданып, танымал ансамбльде өнер көрсеткен. Қазақ, орыс, түрік, тәжік тілдерінде әндері бар. Қырғызстан және Қазақ­стан Рес­публикасының еңбек сі­ңір­ген әртісі. 

Еске салайық, бұған дейінің марқұм әнші жолдасы туралы айтқанын жазған едік. 

 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады