1371

Астанада ағашпен жамалған LRT тірегінің фотосы желіде талқыға түсті

Әлеуметтік желіде Астанадағы LRT тірегінің жамалған сәті түсірілген суреті тарап, оқырмандардың күлкісін келтірді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Астанада ағашпен жамалған LRT тірегінің фотосы желіде талқыға түсті
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, көпшіліктің қызу талқысына түскен сурет Telegram-дағы "Астана – Не? Қайда? Қашан?" арнасында жарияланды. Суретке әзілмен "LRT аман болсын!" деп жазылған.

"Көк изолентамен жамау керек еді", "АЭС-ті қалай саламыз, мына түрмен", "Ойлап таппайтындары жоқ", – деп жазды желідегілер.

Алайда бұл арнайы құрылыс үшін пайдаланылатын қалып болса керек. Бұл жағдайға қатысты City Transportation Systems өкілдері түсініктеме берді.

"LRT құрылысы учаскесінде (Ш. Қалдаяқов пен К. Қуанышбеков көшелерінің қиылысында, 114-115 учаскелер аралығында, NR14 тірегінде) монолитті арқалықтардың ішкі жағын бетондау үшін шегендеп бекіту орнатылған. Бұл процесс тростардың алдын ала керілуінен кейін жүзеге асырылған. Қазір бетондау жұмыстары аяқталды. Шегендеп бекіту алып тасталды", – делінген ресми жауапта.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор