«50 пайыз жеңілдік жасадым»: Аида Кауменова Snoop Dogg-қа шапан тіккенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
07.10.2024, 19:56
1055
«50 пайыз жеңілдік жасадым»: Аида Кауменова Snoop Dogg-қа шапан тіккенін айтты жеке мұрағатынан

Танымал дизайнер Аида Кауменова алғаш рет кәсіп бастаған кезін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сән әлемінің маманы “Сырласу” бағдаралмасында қонақ болып, бала күнінен сыр шертті. 

“6-сынып оқып жүргенде суретті жақсы сала бастадым. 11-сыныпқа дейін өнер мектебінде оқыдым. АТУ-да оқыдым. Тігін мамандығы бойынша диплом алдым. Одан кейін Италияда бір жыл оқыдым. Содан келгеннен кейін қазақша дүниелерге қызыға бастадым. Қарап отырсам, біздің ұлттық мәдени дүниелеріне жететін бұйым жоқ екен. Содан қызығушылық басталды. Көк базар маңындағы бір бизнес орталықтың жертөлесін жалға алып, сол жақтан алғашқы кәсіпті бастадым. Жертөленің маңдайына “Аида Кәуменова сән үйі” деп жазып қойдым. Осыдан 20 жыл бұрын әлеуметтік желі, телефон болмағанда өнер адамдары сол жерге мені іздеп келетін”, – деп бастады әңгімесін сәнгер. 

Сондай-ақ әлемдік жұлдыз Snoop Dogg-қа шапан тіккенін де шығармашылығында айтулы жаңалық екенін жеткізді. 

“Баян Алагөзова жаңа жыл алдында Snoop Dogg-пен жоба жасайтынын айтты. Сол кезде Баян ауруханада жатты. Екеуміз палатасында жатып алып, ақылдастық. Жаңа жылда жұмысшыларымды демалысқа жібергенмін. Қайтадан жинап, шақырып алдым. Содан қызу дайындық басталды. Бірақ халық сынап та жатты. “Кешью” тобына тіккен образымыз да сынның астында қалды. Бірақ мен кәсіби тұрғыда не жасап жатқанымды білетін болғасын, жауап та бере аламын. Ұлттық құндылығымызға қайшы болатын киім тікпедім. Әлемдік жұлдыз да менің шапанымды ұнатыпты. Бағасын айта алмаймын, бірақ Баян құрбым болғасын 50 пайыз жеңілдік жасадым”, – деді дизайнер. 

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр