«Жоғары білімім жоқ»: Түркістанда кесенеге келген туристермен ағылшынша сөйлескен күзетші өзі жайлы айтып берді

Аиса Махамбет Редактор
08.10.2024, 10:37
1081
«Жоғары білімім жоқ»: Түркістанда кесенеге келген туристермен ағылшынша сөйлескен күзетші өзі жайлы айтып берді stan.kz

Тикток желісінде шетелдіктермен еркін сөйлескен күзетші кісі көпті таңғалдырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күзетшісі гид қызметін атқарып, шетелдік туристермен ағылшын тілінде емін-еркін сөйлескені түсірілген видео тарады. Ол келушілерге киелі мекеннің тарихын шет тілде айтып берді. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Желіде тараған видеодан шетелдік саяхатшылардың оның әңгімесін қызығушылықпен тыңдағанын байқауға болады. Күзетші тек туристерді ғана емес, желі қолданушыларын да тәнті етті. 

"Көптеген жоғары лауазымды адамдардан әлдеқайда білімді", "Керемет. Қатты акценті де білінбейді. Әр қазағым білімді болсын", "Ғажап. Білім бар, таныс жоқ деген осы", "Мұны біздің такси жүргізушілері де жасай алады! Күзетші мен такси жүргізушісі – экономиканың локомотиві", – деп жазды олар. 

Әп сәтте желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленген күзетшінің өзімен Stan.kz тілшісі сөйлесіп көрді.

Шер Талғатбекұлы кесенеде “Іскер” күзет агенттігінде қызмет істейді екен. Бұған дейін әртүрлі салада жұмыс істеген 55 жастағы Шер Ілияс “жоғары білімім жоқ, десе де ағылшын тілін өздігіммен үйреніп жүрмін” дейді. 

Фото: Stan.kz

“Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне үш ай бұрын жұмысқа тұрдым. Бұған дейін құрылыс саласында жұмыс істедім. Көлік жүргізушісі де болдым. Ағылшын тілін өзім үйреніп жүрмін. Оны ағылшын тілінде “self-education” деп айтады. Ағылшын тілінде кітап оқып, барлық ақпаратты ағылшын тілінде қабылдау және адамдармен тілдесу арқылы осы тілді меңгеріп жүрмін. Кесенеде ауысыммен жұмыс істеймін. Туристер әр кезде әрқалай келеді. Бір күні 10 турист келсе, екінші күні 20 шақты турист қабылдаймыз”, – дейді ол. 

Шер Талғатбекұлы келген туристер менің ұстазым дейді. Себебі солармен сөйлесу арқылы ағылшын тілін үйреніп жүр екен.

“Қазір кез келген ақпаратты ағылшын тілінде іздеп, оқи аламыз. Өзімнің бір ұл, бір қызым осындағы жоғары оқу орнында оқыған. Олар ағылшын тілінде сөйлеп қалады, сол кезде жауап бере алмай қаламын. Сол үшін оларға жауап беру үшін осы тілді меңгеріп жүрмін. Содан бері білімнің ішіне сүңгіп кеттім”, – дейді ол. 

Күзетші кесене басшылығы гид болуға ұсыныс жасаса қарсылығым жоқ дейді. 

“Туристер неге мұнда ағылшын тілінде керек ақпарат жоқ” дейді. Олар сонау құрлықтан, өзге елден келеді. Жолаушы мүсәпір дейді ғой қазақта. Сондықтан оларға көмек қолын созуға дайын тұрамын”, – дейді ол.

Шер Талғатбекұлы, туристермен сөйлескенде ағылшын тілінде қандай сөздерді қолданатынын да айтып өтті. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды