1053

Референдумның ақырғы нәтижесі: Елімізде АЭС салынатын болды

АЭС құрылысын халықтың 71,12 пайызы қолдады.

Референдумның ақырғы нәтижесі: Елімізде АЭС салынатын болды
Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Орталық референдум комиссиясы 8 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша өткен референдумның ақырғы қорытындысын жариялады. 

Оған сәйкес, референдумға 7 820 204 адам дауыс берген. 5 561 937 адам АЭС құрылысын қолдаған. Осылайша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 71,12% құрады.

Комиссия "референдум өтті деп саналады, оған шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылданды" деді.

Республикалық референдумдағы дауыс берудің нәтижелері онлайн транслация арқылы айтылды.

Материал авторы