Арал теңізіне су жіберу жоспары 100%-ға жуық орындалғаны хабарланды

09.10.2024, 09:55
1018
Арал теңізіне су жіберу жоспары 100%-ға жуық орындалғаны хабарланды Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Теңіз толып келе жатқанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, биыл соңғы 5 жылда алғаш рет вегетация кезінде Арал теңізіне су жіберу жоспары 100%-ға жуық орындалды. Жалпы 977 млн текше метр су жіберілді.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы жылдары теңізге 350-400 млн текше метрсу келіп отырса, биылғы жылдың басынан бері бұл көлем 2 млрд текше метрден асты, ал жыл соңына дейін тағы шамамен 500 млн жіберу жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда Солтүстік Арал теңізінің су көлемі 22 млрд текше метрге жетті. Теңізге осыған дейін вегетация кезінде секундына 7-10 текше метр су жіберілген болса, биыл секундына 60-70 текше метр су жіберілді, — деп мәлімдеді Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Зейнулла Қазтоғанов.

Бұдан бөлек, Ақшатау-Сорғақ және Қамыстыбас көлдержүйесіне 45 млн текше метрден астам су жіберілді. Бұл балық шаруашылығы мен туризімді дамытуға тиімді әсер етіп отыр. Мәселен, соңғы жылдары Арал теңізінің минерализациясы азайып, балықтың көбейуіне жағымды әсер етуде. Теңіз тартылғаннан бері жергілікті балықшылар жылына 400 тонна ғана балық ауласа, қазір 7,5-8 мың тоннағадейін балық аулайды.  

76 жастағы Қаратерең ауылының тұрғыны, балықшы Күнтуған Тұрғанбаев өмір бойы осы кәсіппен айналысып келеді. Оның айтуынша, туған өлкеге су келгелі жаңа мүмкіндіктер пайда болған.

Көзімізді ашқаннан теңізден балық аулаумен айналысып келеміз. Су келгелі балық та жанданып, дарияға кіріп жатыр. Биыл былтырғыға қарағанда балық көбірек. Аралды осы деңгейде ұстап тұрса, балық шаруашылығы дамиды, — дейді ол.

Осы ретте Су ресурстары және ирригация министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Арал теңізін сақтау жөніндегі жобаның екінші кезеңіне дайындалып жатыр. Қазіргі уақытта жоба бойынша қажетті құжаттама әзірленуде. Екінші кезең Солтүстік Аралды тұрақты сумен қамтамасыз етуден бастап экономикалық және әлеуметтік жобаларды дамытуға дейінгі түрлі бағыттарды қамтиды.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)