«Мен де қарапайым халықтың бірімін»: Елдос Сметов АЭС салуға қатысты ойын ашық айтты

Аиса Махамбет Редактор
09.10.2024, 15:10
697
«Мен де қарапайым халықтың бірімін»: Елдос Сметов АЭС салуға қатысты ойын ашық айтты Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Елімізде 6 қараша АЭС салу бойынша референдум өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, дауыс  беруге 7 миллион 820 мың 204 қазақстандық яғни, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66% қатысты. 

Өз таңдауын жасағандардың арасында спортшылар да болды. Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов еліміз үшін маңызды күнде барып таңдауын жасаған. Чемпионның сөзінше, АЭС салу мәселесі барша қазақ елі үшін ең маңызды таңдаулардың бірі болды дейді.

Барша қазақ елі үшін ең маңызды таңдаулардың бірі. Өйткені бұл қазақстанның болашағы үшін. Сондықтан да егер пайдасын тигізіп жатса, салынғаны дұрыс шығар деп ойлаймын. Еліміздің болашағы халықтың қолында. Мен де осы халықтың арасындағы адаммын. Қарапайым халықпын. Сондықтан өз таңдауынды жасау дұрыс шешім деп ойлаймын.  Ел болашағы үшін, еліміздің дамуы үшін елімізге пайдасын тигізетін дүниелер үшін әр қазақтың баласы, әр қазақ халқы, өзінің дұрыс таңдауын жасады деп ойлаймын,- деді Елдос Сметов.

Айта кетейік, референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды  немесе 71,12% құрады.  Осылайша, референдум өтті деп саналады және ол оң шешімге ие болды.

Ал күні кеше үкіметте өткен брифингте премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр референдумнан кейін АЭС құрылысы қашан басталатынын айтты.

Бір жылдай техникалық-экономикалық негіздеме жасайды. Сосын бір-бір жарым жыл жобалық-сметалық құжаттар әзірленеді. Бұл - ең қысқа мерзім. Сосын құрылыс жұмыстары басталады, - деді Скляр.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген