Антикор ресми өкілі Astana LRT-ның экс-басшысы сотқа келмегенін айтты

09.10.2024, 18:32
1064
Антикор ресми өкілі Astana LRT-ның экс-басшысы сотқа келмегенін айтты sputnik

LRT құрылысына бөлінген қаржы ұрлығы бойынша қылмыстық істер аяқталған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров брифингте Астанадағы LRT құрылысы кезіндегі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық істер аяқталғанын мәлімдеді.

Ресми өкілдің сөзінше, "Астана банкі" АҚ-тың бұрынғы мажоритарлық акционері Олжас Тоқтаров пен Astana LRT ЖШС басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Бүкіл тергеу барысында күдіктілердің Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына және жауап беруден жалтаруына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы аталған тұлғаларды Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 208-бабының 1-бөлігіне сәйкес жауапқа шақыру шараларын қабылдады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 205-баптың 3-бөлігін басшылыққа ала отырып, БАҚ-та күдіктілерді шақыру туралы хабарлама жариялады, бірақ олар жауап беруге келмеді", - деп түсіндірді Данияр Биғайдаров. 

Сонымен қатар, спикердің айтуынша, ауыр қылмыс жасау фактісі бойынша тергеп-тексеру барысында жиналған дәлелдемелер бұл тұлғалардың әрекеттерін сырттай саралауға мүмкіндік берді.

"Қазір біз қылмыстық іс материалдарымен танысып жатырмыз, 19 қыркүйекте қылмыстық іс сотқа жіберілді", - деп қорытындылады Биғайдаров. 

Айта кетейік, Талғат Арданды Антикор тамыз айында жауапқа алуға шақырған болатын. 

"Қазіргі уақытта тергеу нәтижесінде ауыр қылмыс жасауда жиналған дәлелдер күдікті Т. Ардан әрекеттерін Қылмыстық Кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша саралауға мүмкіндік берді. Қылмыстық-процестік кодексінің 208-бабы 1-бөлігіне сәйкес күдікті жауап алуға шақырылады", - делінген хабарламада.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды