«Өмір таңғалдыруын қоймайды»: ақ көйлек киген Бадықова мен Олжас Абайдың видеосы қызу талқыға түсті

Аиса Махамбет Редактор
09.10.2024, 19:33
1175
«Өмір таңғалдыруын қоймайды»: ақ көйлек киген Бадықова мен Олжас Абайдың видеосы қызу талқыға түсті әлеуметтік желіден

Қос актер күйеужігіт пен қалыңдық образындағы видео жариялап, елдің қызу талқысын тудырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық танымал кино жұлдыздары Дариға Бадықова мен Олжас Абай желіні шулатты. 

Дариға Бадықова мен Олжас Абай Instagram желісінде бірге түскен фото мен видео жариялап, көпшілік назарын өздеріне аударды. Кадрларда қос жұлдыздың жас жұбайлар образында тұрғанын көруге болады. Олжас Абай классикалық қара түсті костюм, ал Дариға Бадықова қалыңдық көйлегін киіп алған. 

"Бұл өмір таңғалдыруын қоймайтыны несі?", - деген жазба қалдырды актриса.

Желі қолданушылары аталмыш жазбаларды бірден қызу талқылап, түрлі пікірлер жаудырды. Бірі жұлдыздардың үйленгенін болжап жазса, енді бірі бұл киноның түсірілімі екенін айтуда. 

"Не болып кетті? Үйленіп жатыр ма?", "Осы екеуі түбі үйленіп тынады-ау", "Меніңше, жаңа фильм түсіріп жатыр", "Екеуіңізді бірге көріп қуанып кеттім", "Құтты болсын. Бақытты болыңдар", "Абайдың әдемі келіншегі бар емес пе?!", "Жар-жар деп айтамыз ба? Екеуі АХАТ бөлімінен бір-ақ шығатын шығар", "Екеуің шынымен отбасын құрып жатырсыңдар ма", - деп ойланып қалды оқырмандар.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады