Қай өңірдің білім саласына жауаптылары пара алуға құмар?

10.10.2024, 10:16
1177
Қай өңірдің білім саласына жауаптылары пара алуға құмар? Adil Abdrakhmanov / Getty Images

Былтыр елімізде білім беру саласында жемқорлық фактілері бойынша 287 қылмыстық іс тіркелген. Аз көрсеткіш емес, әрине. Білім саласына қаржы молынан бөлінген сайын пара алу деректері де артып келе жатқаны қынжылтады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаровтың мәліметінше, қаржы жымқырудың ең көп мөлшері Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласында анықталған. Жемқорлық қылмыс жасаған 386 адам әшкереленіп, 207-і адам сотталыпты.

Антикордың ресми өкілі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы білім бөлімінің бұрынғы басшысы мен оның қарамағындағыларға (бас бухгалтер, бас экономист және 24 мектептің бухгалтері) қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын айтты.

«Олар мектептерде іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақы аудару арқылы 213 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырған деп айыпталуда. Бұдан басқа, Білім бөлімінің бас бухгалтері қылмыстық жолмен алынған 6,5 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатты заңдастырды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді», - деді ол.

Айтпақшы, Тараз қаласы Политехникалық колледжінің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталғаны да белгілі болды.

«Колледж директорына «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша талапкерге жалпы білім беру грантын беруге көмектескені үшін пара алды деген айып тағылды. Қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды», - деді Д. Бегайдаров.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды