«Жегендері – қазы, астында қалың матрас»: Шерзаттың өліміне күдіктілердің қамаудағы жағдайы туралы марқұмның туыстары айтып берді

Аиса Махамбет Редактор
10.10.2024, 10:47
1820
«Жегендері – қазы, астында қалың матрас»: Шерзаттың өліміне күдіктілердің қамаудағы жағдайы туралы марқұмның туыстары айтып берді stan.kz

Талғарда бір топ адам жабылып 16 жастағы оқушыны ұрып өлтірді деп айыпталған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шерзат Қаржаубайұлының туыстары әділдік сұрап, Талғардағы жолды жауап тастады. Марқұмның анасы Гүльбара Бишмбиева оқиғаның мән-жайын айтып, баласын 7 емес, 13 адам ұрып-соғып, өлтіргенін мәлім етті. Полиция ұстаған күдіктілерді көзбен көру үшін Шерзаттың туыстары уақытша қамау изоляторына кірді. Stan.kz тілшісі марқұмның туыстарымен тілдесіп көрді. 

Марқұмның анасы Гүлбара Бишмбиева баласын өлтірген күдіктілерді 20-25 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.  

"Пышақталғаннан кейін де құлап жатқан жерінен келіп, үстінен тепкілеп жатыр. Менің жанымда енем болды. Ол кісіні де жұлқып, ұрды. Інімнің баламды құтқаруға шамасы болмады. 13 адамның бәрі ұсталып, тиісті жазаларын алса екен деймін. Менің баламды өлтірген адам 20-25 жылға сотталсын. Әділдік сұраймын", – дейді Гүльбара Бишмбиева. 

Фото: Stan.kz/Медет Исапанов

Жақындарының сөзінше, оқиғаға 13 адамның қатысы бар, оның екеуі әйел. Олар қазір іске тек куәгер ретінде тартылыпты. Полиция ұстаған 7 күдіктіні көру үшін көз жұмған жасөспірімнің туыстары уақытша қамау изоляторына кірген. Олар күдіктілердің жағдайы бостандықта жүрген адамдардан жақсы деп отыр.

"Қылмыскерлердің ұсталғанына көз жеткізу үшін тергеу изоляторына кірдік. Жетеуін жеті камераға отырғызып қойған. Жетеуі жеті жерде. Бірақ олардан "адам өлтірдік, баланың өмірін қыршын қидық" деп отырған өкінішті көрген жоқпыз. Алдында жеп отырғандары – қазы. Астында қалың матраc. Мен өзім еркіндікте жүріп қазыны бір айда бір жеймін. Алдарында қазы, басқа да тамақтар тұр. Анық, ұзақ қарай алмадым. Олар неге 7 адамды ғана ұстап отыр? Бұл жерде 2 қызды қосқанда 13 адам бар. Біз соңына дейін барамыз. Олардың қазы жемек түгілі қара су ішуге құқығы жоқ", – дейді Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймова.

Фото: Stan.kz/Медет Исапанов

Шерзаттың әкесі, Қаржаубай Нурумов тергеудің әділ өтетініне әлі де күмәнданады. 

“Көңілім орнына түсті. Қылмыскерлерді Талғардан Қонаев ауданына ауыстырды. Ішкі тәртіп бойынша артық ештеңе айтуға болмайды екен. Қалған ұсталмаған адамдарды да, шақыртады. Біз талап еткен екі қыз да жақын арада қамалады. Талғардың тергеушілері, бастығы кәмелеттік жасқа толмаған балаларды ата-анасыз шақырып, қорқытып мылтықты мойындарыңа алыңдар деп қысым жасатып жатыр. Кейін менің үйіме, ата-анамның үйіне адам жіберіп қылмыскерлердің жолын бөгеп қорқытып жатыр”, – дейді әкесі. 

 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды