Қатар инвесторлары қатардан қалмақ емес: қай салада әріптестік артады?

10.10.2024, 13:00
507
Қатар инвесторлары қатардан қалмақ емес: қай салада әріптестік артады? depositphotos.com

Соңғы уақытта Қазақстан мен Қатар арасындағы әріптестік жанданып, қос тарап көптеген салада бірлескен жобаларды асыруға ниетті. Мәселен, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды.

Келісім еліміздің аумағындағы телекоммуникация, энергетика, мұнай-химия, көлік, қаржы және басқа да салаларда 9 бірлескен нақты инвестициялық жобаны іске асыруды көздеп отыр.

Атап айтсақ, «Қашаған» кен орнындағы газ өңдеу зауыттарын, Қостанай облысындағы компрессорлық станция мен магистральдық газ құбырын, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін, Ертіс өзеніндегі су электр станциясын, Қызылорда облысындағы электр станциясын салу жөніндегі жобалар, сондай-ақ, «Береке Банк» акционерлік қоғамының 100% акциясын және «Мобайл Телеком-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100% қатысу үлесін сатып алу бойынша жобалар қамтылған.

«Келісімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірқатар міндеттемелері көзделгенін атап өткенім жөн. Мәселен, Үкімет Келісімнің шарттарын өзгертіп, кедергі келтіретін және жоя алатын заңнамалық актілерді қабылдай алмайды», - деді сенатор Бибігүл Аққожина.

Сурет: senate.parlam.kz

Айта кетейік, келісімді жүзеге асыру жалпы сомасы шамамен 20 млрд АҚШ долларын құрайтын инвестицияларды тартуға мүмкіндік бермек. Қызығушылық танытқан инвестициялық жобалар талаптарға сай болуы және белгілі бір кірістілік деңгейіне жетуі қажет. Келісім аясында Қазақстан стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу үшін жабдықтарды, шикізаттар мен материалдарды әкелу кезінде кедендік баждарды төлеу жөніндегі міндеттемелерден босату, сондай-ақ Қазақстан заңнамасында көзделген салық жеңілдіктерін ұсынбақ. Бұл ретте инвестор осы Келісім күшіне енген күннен кейін, қандай да бір жаңа салықтарды төлеуге немесе Қазақстан заңнамасында енгізілген қандай да бір басқа төлемдерді жүзеге асыруға міндетті емес. Стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру кезеңінде және одан кейінгі 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы инвесторларға қолданылмайтыны туралы атап өткен жөн.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады