«Мені бірнеше рет қорқытты»: Шерзаттың әкесі шұғыл үндеу жасады

Аиса Махамбет Редактор
10.10.2024, 13:49
2177
«Мені бірнеше рет қорқытты»: Шерзаттың әкесі шұғыл үндеу жасады бейнежазбадан алынған кадр

Полиция департаментінің ғимаратына келдім дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талғарда бір топ адам пышақтап өлтірген Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қазақстандықтарға үндеу жасады.

Ол жан-жақтан көмек беріп жатқан қазақстандықтарға алғыс білдірді.

Құрметті, қазақ елі! Сіздердің алдарыңызда басымды иемін! Мені қолдап, балам үшін қол ұшын беріп жатқандарыңызға көп рақмет! Мен Қонаевтағы Алматы облысының полиция департаментінің ғимаратына келдім. Ол жерде іс оң жағынан қаралып жатыр. Бізге адвокаттар көмектесіп жатыр. Марқұм болған Салтанаттың ағасының да (Айтбек Амангелді) көмегін айта кетейін. Ол кісіге де ерекше рақмет! Алғысым шексіз, – деді ол.

Шерзаттың әкесі заң аясында әділ шешім шығатынына сенім артады.

Өтінішім бар, халқым. Ешқандай қантөгіс болмаса екен. Мен бар жерде бір шоғырланған адамдар келіп, сол сәтті менің дұшпандарым пайдалануы мүмкін. Көтеріліс жасап, мені аяқтан шалып, бауырыма қастандық жасалуы мүмкін. Сондықтан  өтініп сұраймын, ешқандай көтеріліс емес, өз қағидам: заң аясында дұрыс, әділ шешім сұраймын. Артық ештеңе сұрамаймын, – деді Нұрымов.

Ол халықтан сенімді ақпарат көздеріне және тек өзі таратқан ақпаратқа сенуін сұрайды.

Мені бір емес, бірнеше рет қорқытты. Алып кетулер болды, – деді ол.

Қаржаубай Нұрымов ашық сот болуын талап етеді. Ашық сот болса, оң шешім болады деп күтеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды