«Жалаңаш күйінде фотоға түсірген»: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуін интим фото-видеоларын таратқаны үшін соттатып жіберді

Аиса Махамбет Редактор
10.10.2024, 14:58
3293
«Жалаңаш күйінде фотоға түсірген»: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуін интим фото-видеоларын таратқаны үшін соттатып жіберді жеке мұрағатынан

Танымал журналист Дана Нұржігіт екінші күйеуін соттатып жіберді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, БАҚ өкілі әріптесі Динара Сәтжанға сұхбат беріп, экс-күйеуінің аңдығанын айтты.  

“2019 жыл мен 2022 жыл аралығында ғана некеде болдық. Бірақ ажырасқан соң да оның қитұрқы әрекеттері тоқтаған жоқ. Мені аңдуды шығарды. Күн демей, түн демей қоңырау шалатын. Бассейнде жүзіп жүріп басымды көтерсем, алдымда тұрады. Жұмыстан шықсам, көлігімнің жанында күтіп тұрды, дәрігерге жазылсам, сол жерде жүреді, тіпті осы жайттардың бәрінен соң денсаулығым нашарлап, процедурада жатқанымда, сол жерге кіріп келді. Көшеде кетіп бара жатсам, "кіммен сөйлесіп бара жатсың, біз туралы айтып жатсың ба?" деп қоңырау шалатын. Шыны керек, алаңдамай жүре алмайтын күйге жеттім, құдды біреу үнемі аңдып тұратындай көрінетін. Міне, 2022 жылдың екінші жартысы мен 2023 жылды осы күйде өткіздім. 2024 жылғы 13 маусымда сот үкімі күшіне енді” – деді журналист. 

БАҚ өкілінің сөзінше, экс-жолдасымен болған келіспеушілік оның денсаулығына да әсер еткен. 

“Бұл жағдай мені сүйікті мамандығымнан да, денсаулығымнан да айырды. Эфирге шыға алмай қалдым, қатты күйзелдім, ренжідім. Денсаулығым мен моральдық және қаржылық шығындарымды қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт керек болды. Маған осы тақырыпта айту қиын. Бірақ толық баяндап беруді енді үйреніп жатырмын. Бар күшім тек осы процеске жұмсалған еді", – дейді Дана Нұржігіт.

Белгілі болғандай, журналист интим фото-видеоларды түсіргені үшін бұрынғы күйеуін Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша үш жылға соттатты.

147-баптың 4-бөлігінде адамның жеке өмірі туралы оның келісімінсіз оның жеке немесе отбасылық құпиясын құрайтын мәліметтерді тарату немесе өзге ақпаратты заңсыз тарату нәтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру" жеке деректер" жазылған. 

Одан кейін медиа маманы жеке өміріне қатысты оқиғадан кейін заңға арнайы бап енгізуді талап етіп отыр. Ол туралы жеке парақшасында жазды. 

"Мен сталкингке, киберсталкинге қарсы күресті тоқтатпаймын. Қылмыстық кодексте арнайы бап болуын талап етемін! Кеше ғана ІІМ, сенатқа депутат болып барған Марат Шәдетханұлы Қожаев мырзаның назарына, мәжіліс депутаттарының назарына! Бұл адам құқығы мәселесі. Қауіпсіздік мәселесі. Жеке мәліметтердің таралмауы, ал қолды болған жағдайда қылмыскердің шоқпарына айналмауы заңмен реттелеуі керек!", – деп жазды ақпарат саласының өкілі. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады