819

Қарыз һәм арыз: 260 кәсіпорын жұмыскерлеріне 3,8 млрд теңге берешек

Елімізде тиісті жалақысын ала алмай, құзырлы орган ғимаратының табалдырығын тоздырып жүргендер аз емес. Мәселен, 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 260 кәсіпорны 17 мың жұмыскерге 3,8 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтап отыр.

Қарыз һәм арыз: 260 кәсіпорын жұмыскерлеріне 3,8 млрд теңге берешек
naryk.kz

Сондай-ақ, түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 6,9 мыңға жуық еңбек құқығының бұзылуы тіркелген.  

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басшылығы ұсынған мәліметке сүйенсек, еңбек саласында – 5 119; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 750; халықты жұмыспен қамту бойынша 66 заңсыздық анықталыпты. Жұмыс берушілерге 2 604 ұйғарым беріліп, 331,2 млн теңге сомасына 3 134 әкімшілік айыппұл салынған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 28 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 222 ұйғарым берілді және 34,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 15,6 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3 млрд теңге төленген.

Материал авторы