Бір күн ауру, бір күн сау: Елімізде ЖРВИ «маусымы» басталды
Айналамызда жиі түшкіретіндер көбейіп кетті. Ол тегін емес. Елімізде ЖРВИ мен тұмаудың жыл сайынғы эпидемиологиялық маусымы басталды.
Қыркүйекте республикада жіті респираторлық вирустық инфекцияның 544 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Бұл туралы ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова мәлімдеді.
«Жыл сайын республикада ЖРВИ-дың 4-5 млн жағдайы және тұмаудың 2 мыңға дейінгі жағдайы тіркеледі. Министрлік тұмау мен ЖРВИ-дің эпидемиологиялық жағдайына апта сайын мониторинг жүргізеді. Биыл қыркүйекте республикада ЖРВИ-дің 544 368 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 27 пайызға төмен екені байқалады», - деді Сархат Бейсенова.
Белгілі болғандай, соңғы аптада республикада ЖРВИ-дің 171 532 жағдайы тіркеліпті. Өткен аптамен салыстырғанда ЖРВИ жағдайы 9 пайызға төмендегенін атап өткен жөн.
«Тұмау жағдайлары тіркелген жоқ. Тұмаудан басқа Қазақстанда тұмауға жатпайтын вирустар да таралып жатыр», - деді С. Бейсенова.
Материал авторы