«Қонаевта студент қызға несие алғызып, ұрып өлтірген»: Қылмыскерлерге сот үкімі шықты

Аиса Махамбет Редактор
10.10.2024, 17:29
550
«Қонаевта студент қызға несие алғызып, ұрып өлтірген»: Қылмыскерлерге сот үкімі шықты жеке мұрағатынан

18 жастағы студент қыз ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қонаевта 18 жастағы студент қызды айуандықпен өлтірген екі ер адамға қатысты үкім шығарды. Сотталушылардың қылмысқа пайдакүнемдік мақсатпен барғаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Тергеу барысында анықталғандай, биыл 6 наурызда сотталушылар жәбірленушімен ортақ досы арқылы танысқан. Ол қызға уақытша баспана беруді сұраған. Сөйтіп олар Алматыда пәтер жалдап тұрды, бірақ екінші күні пәтердің ақысын төлеуге қаражаты таусылған. Олар студент қызды "iPhone 13 Pro" телефонын ломбардқа өткізуге мәжбүрлеп, кейін оны қайта сатып алып беретінін айтқан.

Телефонның ақшасын алғаннан кейін олар жәбірленушіні банктерден және микроқаржы ұйымдарынан 435 мың теңге несие алуға көнідіреді. 12 наурыз күні айыпталушылар телефонды ломбардтан қызға айтпай сатып алып, оны 240 мың теңгеге сатып жіберген. Одан түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Жәбірленуші телефонын қайтарып беруді талап ете бастағанда сотталушылар қарызды қайтармау үшін қызды өлтіруді ойлаған. Наурыздың 15-іне қараған түні олар жәбірленушіні Қонаев-Қазақстан жолының 36-шақырымына апарып, оны өлгенше битамен ұрып-соққан. Кейін денесін өртеп жібермек болған. Студент қыз ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. 

Сот қылмыскерлерді 17 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, 21 наурызда екі күдікті тергеу сотына бұлтартпау шарасына санкция беру үшін ұсынылды және сот шешімімен олар қамауға алынды. Күдіктілердің қылмыстық әрекеттері кісі өлтіру бабы бойынша, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының өзімшіл ниетпен басқа адамға заңсыз қасақана өлім жасауы бойынша сараланады.

Іс 99-шы бап бойынша қозғалған. Заңға сәйкес, енді екеуі де 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)