26

«Менің қызым – музыка»: Димаштың ескі жазбалары TikTok-та тарады

Димаштың Кончита Вурст туралы жазбасы желіде қызу талқыланып жатыр.

«Менің қызым – музыка»: Димаштың ескі жазбалары TikTok-та тарады
dimashnews.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, TikTok-та Димаш Құдайбергенге тиесілі болуы мүмкін «Одноклассники» әлеуметтік желісіндегі ескі парақшаның скриншоттары тарады. Желі қолданушылары әншінің 2013–2014 жылдары жариялаған жазбаларын талқылап, оның Кончита Вурсттың өнеріне берген бағасына, музыка туралы пікіріне және күнделікті жазбаларына назар аударған.

Жазбалардың бірінде сол кезде 19 жаста болған Димаш Құдайберген Кончита Вурсттың өнеріне таңғалып, оның вокалын жоғары бағалаған.

«Кончита Вурст. Сұмдық қой! Қалай сонда??? Бұл ақырзаман!!! Бірақ, әрине, керемет орындады!!!)))», – деп жазған әнші.

Тағы бір жазбасында ол сүйіктісі жоқ екенін айтып, музыкаға деген ықыласын әзілмен жеткізген: «Қызым жоқ. Менің қызым – музыка».

Әнші басқа жазбаларында көру қабілетіне қатысты шағын мәселесі барын айтып, көзілдірік таққысы келмейтінін жазған. Сондай-ақ парақшада «Тамағым ауырып тұр…», «Бәрі жүйкеме тиеді…», «Үйге қайтқым келеді» деген қысқа жазбалар болған.

Құдайберген өз атынан ашылған жалған парақша туралы да ескерткен. Ол жазбада әнші басқа аккаунтқа жазбауға және жауап бермеуге шақырған.

«Достар, мұнда “Димаш Құдайбергенов” деген профиль ашыпты. Бұл – фейк. Димаш Құдайбергенов тек осында ғана отырады, болды. Оған жазбаңдар және жауап бермеңдер», – делінген жазбада.

Парақшада классикалық вокал бойынша мемлекеттік емтихан нәтижесі де жарияланған. Автор емтиханнан «бес» алғанын айтып, төрт жылдық оқу аяқталғанына қуанған.

Желі қолданушылары парақша шынымен Димаш Құдайбергенге тиесілі деп болжайды. Олардың айтуынша, аккаунтқа соңғы рет 2020 жылы кірілген.

Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайбергенді Чили астанасы Сантьяго әуежайында жанкүйерлері қошеметпен қарсы алған. Чилиге барар алдында әнші Мексикада бес концерт беріп, Колумбияда алғаш рет жеке бағдарламасымен өнер көрсетті. Боготадағы концерт 22 қарашада DIMENSIONS әлемдік туры аясында өтіп, Movistar Arena залында мыңдаған жанкүйерді жинады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор