Арман Давлетяров Меккеге қажылыққа барды
Арман Давлетяров иманның өміріне әсері туралы айтып, оқырмандарынан өтініш жасады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ресейлік медиаменеджер Арман Давлетяров Меккеге қажылыққа аттанды. Ол қасиетті қалада жүрген сәтінде ерекше сезімге бөленгенін айтып, иманның өміріне қалай әсер еткенін бөлісті.
Давлетяров Жаратушыға деген сүйіспеншілік жан тыныштығын сыйлайтынын жеткізді. Оның айтуынша, кейде бұрынғы өміріне көз жүгіртіп, дәл сол күйінде қалып қоюы да мүмкін болғанын ойлағанда, бойын үрей билейді.
«Кейде бір кездері қандай адам болғанымды ойлап, сол қалпымда қалып қоюым да мүмкін еді деген ойдан шошимын. Өмір бойы осындай сезімдерді танып-білмей, осында болудың бақытын сезінбей, иманның адамды және оның өмірге деген көзқарасын қаншалықты өзгерте алатынын түсінбей өтуім мүмкін еді», – деп жазды ол.
Медиаменеджер иманның арқасында өмірінің өзгергеніне қуанышты екенін атап өтті.
Давлетяров Меккеде тағы бірнеше күн болатынын айтып, жазылушыларынан қасиетті Қағба алдында дұға жасауды өтінетін жақындарының есімдерін пікірге қалдыруды сұрады.
«Көпшілігіңіз жеке хабарлама арқылы туған-туыстарыңыз бен жақындарыңыз үшін дұға етуімді өтініп жатырсыздар. Осы жазбаның астына кім үшін Қағба алдында дұға жасағанымды қалайтыныңызды жазыңыздар. Бұрынғыдай, мұны қуана-қуана орындаймын», – деді ол.
Материал авторы