99

Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатов туралы сұраққа жауап беруден бас тартты

Мұқанов бұрынғы жұбайы туралы сұраққа «Мен ондай адамды білмеймін» деп шорт кесті.

Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатов туралы сұраққа жауап беруден бас тартты
instagram.com/moldir.mt

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, продюсер Мөлдір Мұқанова бұрынғы жұбайы, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов туралы сұрақ қойған журналистің сөзін бөліп, сұхбатты аяқтап кеткен. Ол бұл тақырыпты талқылағысы келмейтінін айтып, журналистерге Қабатовтың өзінен сұрауға кеңес берді. 

Журналист бұрынғы күйеуі туралы сұрақ қоя бастағанда, Мұқанова оның сөзін бөліп: «Мен ондай адамды білмеймін», – деген. Артынша кетіп бара жатып, бұл тақырыптың өзіне мүлде қызық емес екенін айтып, «Оның өзінен сұраңыздар» деп жауап берген.

Бұған дейін продюсер жаңа әндермен жұмыс істеп жүргенін және фильмге сценарий іздеп жатқанын айтқан. Оның сөзінше, әзірге түсірілім басталмаған.

Мұқанова екінші қызы Айымның да шығармашылық жолды таңдағанын жеткізді. Айым әнші әрі актриса ретінде дамуды көздейді.

Продюсер ән айтуды өз қалауымен қолға алғанын, ешкімге бірдеңе дәлелдеуге тырыспайтынын да атап өтті. Әлеуметтік желідегі пікір қалдырушылар оның бұрынғы жұбайы туралы сөйлеспеу туралы шешімін қолдаған.

Еске салайық, бұған дейін Мөлдір Мұқанова ірі несие төлемдері туралы айтып, ай сайын 8 миллион теңге төлейтінін мәлімдеген. Сондай-ақ ол алғашқы бриллиант әшекейін 11 миллион теңгеге бөліп төлеу арқылы сатып алғанын айтқан.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор