«Миллиард ақша айтыс пен көкпарға бөлінсін»: Нұрлан Қоянбаев спорт саласын сынады

Аиса Махамбет Редактор
10.10.2024, 18:30
896
«Миллиард ақша айтыс пен көкпарға бөлінсін»: Нұрлан Қоянбаев спорт саласын сынады жеке мұрағатынан

Белгілі кинопродюсер, актер Нұрлан Қоянбаев ешқандай нәтиже көрсетпейтін, үнемі жеңіліс табатын спорт салаларына тоқталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі мемлекет бюджетінен миллиардтап ақша алатын команданың ойындары нәтижесіз екенін айтты. 

“Барыс” командасы неше жыл бюджеттен ақша алып келе жатыр?! Неге журналистер осыған мән бермейді? Команда ешқандай нәтиже көрсетпейді. Көрші елдің чемпионатында соңғы орында жүр. Еліміздің бюджетінен ең көп ақша алатын команда 1-10 болып ұтылып қалды. Айтыс пен көкпарға миллиард ақша бөлінсін. “Астана” велокомандасы да жыл сайын бюджеттен ақша алады. Құрамада бір қазақ жоқ, не нәтиже жоқ”, – деп ашынды кинопродюсер. 

Еске салайық, министр футбол мен хоккейге бөлінетін бюджет қысқаратынын мәлімдеген еді. 

"Бізде футбол, хоккей спорттарында арнайы лимиттер бар. Ол жерде де қазір дене шынықтыру және спорт бағытындағы заңнамамен жұмыс атқарып жатырмыз. Бұл жерде біз қазір лимиттер мәселесін көтерудеміз. Кейбір өңірлерде 1-2 миллиардтан асырмау мәселесі бар. Бірақ көп өңірлер ол шектеуді бұзады. Сондықтан біз қазір футболға, хоккейге қандай бюджеттік лимиттер орнатамыз деп қарап жатырмыз", – деген еді министр.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды