Ақтөбеде жол апаты кезінде отбасынан айырылған полиция қызметкері сотталды

Аиса Махамбет Редактор
11.10.2024, 12:55
511
Ақтөбеде жол апаты кезінде отбасынан айырылған полиция қызметкері сотталды жеке мұрағатынан

Ақтөбеде жол апатында отбасын түгел дерлік жоғалтқан полицей сотталды. Бұл туралы Tengrinews.kz мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде отбасымен бірге жол апатына ұшыраған 28 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты.

Қайғылы оқиға 26 тамызда Ақтөбе облысындағы Әлия Молдағұлова атындағы ауылдың маңында болған. Сотталушы мінген көлік ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан сотталушының ата-анасы, інісі және екі жиені қаза тапты. Іс бойынша сотталушының үлкен ағасы жәбірленуші болып танылған.

Сотталушының үкімі оның әріптестерінің қатысуымен жарияланды. Қайғылы оқиғаға дейін ол құқық қорғау органдарында жұмыс істеген. Алайда сотталушының қорғаушылары мұндай жағдайда сот процесін шоу етіп өткізуді орынсыз деп санады.

Айыптаушы тарап сотталушыны бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Іс "абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша тергелген. Бұл бап бойынша бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Сот ең төменгі жаза тағайындады.

"Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сондай-ақ жеті жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылсын", – делінген сот үкімінде.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді