1144

Ресейден табылған Қазақ хандығының тарихына тікелей қатысты қолжазбаның көшірмесі жасалды

«Тарих» қолжазбасы – Ресей Ұлттық кітапханасынан табылған.

Ресейден табылған Қазақ хандығының тарихына тікелей қатысты қолжазбаның көшірмесі жасалды
Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Ресейден табылған тарихи құжаттың көшірмесін жарыққа шығарды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

«Архив-2025» бағдарламасы аясында Ресей Ұлттық кітапханасынан табылған құнды қолжазбаның көшірмесі жарық көрді. 

Ұлттық орталық мамандары 2022 жылы Мәскеуге жасаған ғылыми-зерттеу сапары кезінде Қазақстан тарихына қатысты деректері бар XVII ғасырдың парсы тіліндегі «Тарих» қолжазбасын зерттеді.

Кітап Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабының жалғасы ретінде ұсынылған және Қазақ хандығының тарихын зерттеуде үлкен маңызға ие. Кітапта Қазақ хандығы, қазақтардың Шығыс Түркістандағы моғол билеушілерімен қарым-қатынасы туралы қызықты мәліметтер берілген.

Шах Махмуд ибн Мирза Фазыл Чурас (шамамен 1694 жылы қайтыс болған) — Моғолстан тарихы бойынша бірнеше еңбектің авторы. Ол өз шығармаларын 30 жыл жазып, шежіре білгірі ретінде танылған.

Материал авторы