695

Тоқаев Испания короліне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Испания короліне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаев Испания короліне жеделхат жолдады
Aqorda

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта король VI Фелипені Испанияның ұлттық күнімен құттықтап, Корольдікті іргесі берік, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті мен халықаралық сахнадағы беделі жоғары мемлекет ретінде бағалады.

"Мемлекет басшысы Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық серіктестік уақыт өткен сайын нығайып келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтіп, бірлескен күш-жігер арқылы өзара тиімді ынтымақтастық екі ел халқының игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Қазақстан президенті Испания королінің барлық игі бастамасына толайым табыс, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі", - делінген ресми хабарламада.

Материал авторы