«Қақтығыс ушығып жатыр»: депутат Аймағамбетов марқұм Шерзаттың үйіне өрт қойғандардың ісі туралы пікір білдірді

12.10.2024, 13:30
1271
«Қақтығыс ушығып жатыр»: депутат Аймағамбетов марқұм Шерзаттың үйіне өрт қойғандардың ісі туралы пікір білдірді коллаж smartnews.kz

Депутат істі тергеуде ашықтық пен әділдікті талап етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қасақана өрт қойылып, дүйім жұртты дүр сілкіндірген іске қатысты пікір білдірді.

«Талғарда болған қайғылы оқиға жаға ұстатты. Жас жігітті өлтіріп, отбасының үйін өртеп жіберген жауыздық, хайуандық және әділетсіз қылмыс бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. 

Бұл оқиға тек құқық қорғау органдарына ғана емес, бүкіл қоғамға сын. Шерзат Болаттың отбасына қайғырып көңіл айтамын.

Бұл істі тергеуде барынша ашықтық пен әділдік қажет. Кінәлілердің барлығы заң алдында жауапқа тартылып, өз жазасын алуы тиіс. 

Полиция мен прокуратура ешкімнің жазадан құтылып кетпеуін қамтамасыз етуі керек. Бұл қылмыс құқық қорғау органдарында жүйелі реформаларды іске асыруға себеп болуы қажет. 

Бұл заңның талабы ғана емес, қоғам алдындағы парызымыз», - деді депутат.

Депутат кінәлілерге қарсылық ушығып, соңы үлкен қақтығысқа айналуы мүмкін екенін айтып, жағдайды заң аясында әділ шешу қажетін жеткізді.

«Кінәлілерге қарсы зорлық-зомбылық таныту мәселені шешпейді. Қақтығысты ушықтырмай, өз наразылығымыз бен позициямызды білдіру кезінде заңды бұзбай, оңтайлы жолды қолданған жөн. Барлық мәселені заң аясында шешуге болады және біздің қоғамда кез келген мәселе солай шешілуі қажет.

Бұл қайғылы оқиғаны қасақана түрде жағдайды тұрақсыздандыру үшін пайдалануы мүмкін екенін жоққа шығармаймын. 

Сондықтан қазір арандатуға бой алдырмау, әділ жазаны қамтамасыз ету және құқық қорғау жүйесінде терең, жүйелі реформалар жасау үшін күш-жігерімізді біріктіру аса маңызды. “Заң және тәртіп” принципі баршаға бірдей жұмыс істеуі керек», - деді депутат. 

Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов көпшілікті жалған ақпарат таратпауға шақырды.

«Біздің елде заңның үстемдігі тұжырымдамасы жұмыс істейді, демек ешкімнің заңнан жоғары бола алмайтынын, заң алдында бәрі тең екенін түсінуіміз керек.

Бұл іс Бас прокурордың бақылауына алынған, ал отбасы полиция қорғауында. Қазіргі уақытта қылмыскерлерді жазалап, құқықтық жүйенің барлық қахарлы күшін көрсету маңызды.

Елді дүрліктіруге бағытталған тексерілмеген ақпараттарды таратпайық», - деді депутат.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды