Марқұм Шерзаттың өртке оранған үйіне облыс прокуроры келіп, оқиға орнын қару асынғандар қоршады (ФОТО)

12.10.2024, 13:47
2165
Марқұм Шерзаттың өртке оранған үйіне облыс прокуроры келіп, оқиға орнын қару асынғандар қоршады (ФОТО) коллаж smartnews.kz

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың үйін бәзбіреулер қасақана өртеп кеткен еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін түнде Азат ауылындағы марқұм Шерзат Болаттың үйі отқа оранған еді.

Қазір оқиға орнында полицейлер, олардың кейбірі қару асынғандар, сондай-ақ өрт сөндіру зертханасының қызметкерлері мен төтенше жағдайлар департаментінің анықтау бөлімі жүргені белгілі болды.

Одан бөлек "Письма Президенту" Telegram-арнасы оқиға орнына Алматы облысының прокуроры Берік Адамов келгенін жазды.

"Қаза тапқан жасөспірімнің үйінде өрт болған жерге Алматы облысының прокуроры Адамов Берік келіп, қаза тапқан баланың әкесімен кездесті. Кездесу барысында облыс прокуроры Шерзаттың әкесіне көңіл айтты. Істі ерекше бақылауға алатыны туралы уәде беріп, арнайы прокурорлар басқармасының ведомствоаралық тергеу-жедел тобының қызметкерлерін таныстырған. БАҚ өкілдерінің аталған іске ерекше назар аударып отырғанын ескертіп, тергеу іс-шараларына кедергі етпес үшін әкесіне және жақын туыстарына оқиға орнынан кетіп, артық түсініктеме бермеуін айтқан, - деп мәлімдеді "Письма Президенту" Telegram-арнасы.

Бұған дейін Алматы облысының әкімдігі түнде үйін өрт шалған Шерзат Болаттың отбасына көмек көрсетілетінін мәлімдеген еді.

Алматы облысының әкімдігі баспанасын өрт шалған Ш. Болаттың отбасына тұрғын үйді қалпына келтіруге көмектесетін болды.
Сонымен қатар, оларға жөндеу жұмыстары аяқталғанша уақытша баспана беріледі, - деп мәлімдеді.

Айта кетейік, 2024 жылы 12 қазанда жәбірленушілердің үйі өртегеннен кейін Бас прокурор қылмысты ашу үшін ведомствоаралық тергеу-жедел тобын құрды.

“Қылмыскерлерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданады. Қылмыстық істі Қазақстанның Бас Прокуроры бақылауға алды”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Алматы облысының полициясы марқұмның отбасын күзетпен қамтамасыз ететін болды. Полиция мәліметінше, отбасын қорғау үшін олардың тұрғылықты жерінде тәулік бойы жұмыс істейтін полицейлер кезекшілігі ұйымдастырылды. 

Содан кейін өрт кезінде отбасы мүшелерінің үйде болмағаны хабарланды. Полиция мәліметінше, жерлеу рәсімінен кейін отбасы мүшелері Талғар ауданында тұрып жатыр. Ал өрт Еңбекшіқазақ ауданы, Азат ауылында болған.

Төтенше жағдайлар министрлігі үйдің өртке орануына қатысты пікір білдірді. 

“12 қазанда сағат 00:50-де Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Азат ауылында тұрғын үй өртенді. Оқиға орнына дереу Алматы облысының 10 қызметкері мен үш бірлік апатты жою техникасы жіберілді. Алғашқы өрт сөндіру бөлімі сағат 01:08-де жеткенде тұрғын үйдің шатыры жанып жатқаны анықталды. Үй толығымен өртке оранды. Қабылданған жедел іс-шаралармен өрт 01:38-де оқшауланды. Сағат 01:43-те 56 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды