«Түнде үйдің қасында нөмірі жоқ екі мерседес тұрған»: марқұм Шерзаттың әпкесі өрт болмас бұрын бәзбіреулер үйді торуылдағанын айтты

12.10.2024, 15:06
5206
«Түнде үйдің қасында нөмірі жоқ екі мерседес тұрған»: марқұм Шерзаттың әпкесі өрт болмас бұрын бәзбіреулер үйді торуылдағанын айтты коллаж smartnews.kz

«Олар жай ғана қорқытып жүр, шынымен өртеп кетеді деп ойламадық» дейді әпкесі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, алғашқы митинг болған күннен бастап қаралы отбасыны қорқытып, қоқан-лоқы көрсеткендер көп болған. Бұл туралы марқұм Шерзаттың әпкесі Перизат Нурумова Stan.kz басылымына телефон қоңырау арқылы айтып берген.

Күдіктілердің жақтастары қорқытып-үркіте берген соң қауіпсіздік үшін отбасы мүшелері үнемі бір-біріне хабар беріп жүрген.

"Үйдегі 5 бауыр қайда жүргенімізді, бәрін айтып отырамыз деп уәделескен едік. Ағама 10:30-дарда жұмысқа жеттім деп хабарластым. Ол сағат 11-лерде ағам хабарласып, "Нұрқанатқа системасын, уколын салдық, ұйықтап қалды" деп айтты.

12:30-дарда жұмыстан шығайын деп жатсам жеңгем хабарласып, “ағаңды көршілер шақырып кетті, қорқып отырмын, кім екенін анық қарай алмадым” деп айтты. Ағама хабарластым, телефонын ала алмадық. Артынша жеңгем хабарласып, "кіші үй өртеніп жатыр екен" деді. 

Үй осындай деңгейде өртеніп кетті деп ойламадым. Жай ғана қорқыту, үй жаққа бірдеңені өртеп, лақтырды деп ойладым. Барсам, үйден түк қалмаған, өрт сөндірушілер жүр екен. Үйдегілер, мал-жан, бәрі аман екен", – дейді ол. 

Марқұмның әпкесі Перизат Нурумованың айтуынша, көршілер күдікті адамдардың көшені торлап, өрт болған үйге келгіштеп кеткенін көрген. Олар өрт болар алдын үйді нөмірі жоқ екі Mercedes көлігі аңдып жүргенін айтқан.

"Нақты күдігіміз сол жақтағы (күдіктілердің жақтастары - ред.) адамдардың істегені. Өйткені көршілеріміз үй өртенбестен бір күн бұрын “сіздің үйіңізге түннің жарымында біреу кіріп шықты. Жарығымызды жағып, сыртқа шығып айқайлаған едік, машина тоқтамай, тұра қашты” деп айтты.

Бір күн бұрын түнгі 1:30-да үйден шығып бара жатқанымда, екінші көршіміз “көшенің бас жағында 2 мерседес машина тұр, нөмірі жоқ. Таңғы 5:00-де қайта келе жатқанда ол машина әлі тұр екен. Ішінде толған ер адамдар. Телефонымды шығарып түсірейін деген едім қорықтым” деді. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды