«Полиция бізді қорғамай, күдіктілердің үйін күзетіп жүрді»: Шерзат Болаттың отбасы полицияның немқұрайлығына шағымданды

12.10.2024, 16:33
997
«Полиция бізді қорғамай, күдіктілердің үйін күзетіп жүрді»: Шерзат Болаттың отбасы полицияның немқұрайлығына шағымданды tengrinews.kz

Қара жамылған отбасы оқиға орнында болған 13 адамның бәрі ұсталмағандықтан отбасыға қастандық жасалғанын алға тартты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шерзат Болаттың өлімінен соң Талғарда митинг өткен болатын. Алғашқы митинг күні марқұмның әпкесі Перизат Нурумова полиция қызметкеріне қауіпсіздік үшін күзет қоюын сұраған. Бірақ бұл өтінішті ведомство елемеген.

Әуелі баласынан, артынша үйінен айырылған қаралы отбасыға өрт оқиғасына дейін қорқытып, қоқан-лоқы көрсеткендер көп болған. Бұл туралы марқұм Шерзаттың әпкесі Перизат Нурумова Stan.kz басылымына телефон қоңырауы арқылы айтып берген.

“Полицияның үйді күзетке қазір алғанының пайдасы қанша?! Бірінші күні митингке шыққанда “неге күдіктілердің үйіне күзет қоясыздар? Тым құрығанда біздің ауылдың кіре беріс жеріне, кімнің кіріп-шыққанын бақылау үшін күзет қойыңыздар. Бізге қоқан-лоқы, қорқытулар болып жатыр” деп айттық. Сол кезде "қарастырып жатырмыз" деген.

Шалқаров мырзаға да айтылған еді. Міне сол кісілердің бір жетіде жасаған “адал еңбегінің жемісі" осы”, – деді әпкесі. 

Перизат Нурумованың айтуынша, полиция керісінше күдіктілердің үйіне күзет қойып, оларды қорғап отыр екен.

“Полиция керісінше күдіктілердің үйіне күзет қойып, оларды қорғаштап жүргенде, біз бала тұрмақ, үйімізден де айырылып қалдық. Қоқан-лоқы болып жатыр деп неше күннен бері айтылып жатыр. Шалқаров мырзаның айтуынша “7 адам қамауда” дейді болды. Ал екі қыз адвокатпен келіп кетіп жүр. Олар толық бәрін ұстамағанының кесірі осының бәрі.

Үйге барып анамызға айтайын десек қобалжып жүрміз. Анама бәрін түсіндіріп айттым. Қазір төсек тартып жатып қалды. Үйден түк қалмады, тек қабырғасы қалды”, –дейді марқұмның әпкесі. 

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады