«Хуторлардың құрбаны аз емес»: Шерзаттың өліміне «Хутор» қылмыстық тобының қатысы бар ма?

12.10.2024, 17:21
2493
«Хуторлардың құрбаны аз емес»: Шерзаттың өліміне «Хутор» қылмыстық тобының қатысы бар ма? holanews

Желіде «Хутор» қылмыстық тобының басшысы делінген Хасанның суреті тарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне талғарлық танымал "Хуторские" қылмыстық тобының қатысы болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Бұған қатысты облыстық полиция департаментінің өкілі жауап берді.

Марқұмның ата-анасы ұлдарының өліміне кінәлілердің арасында "Хутор" қылмыстық тобының бандалары бар болуы мүмкін деп болжаған еді. Талғардағы аталған "Хутор бандасы" туралы Time.kz басылымы да жазған болатын. Белгілі болғандай, Қазстрой ауылынан шыққан бұл ұйымдасқан қылмыстық топты талғарлықтар жақсы біледі.

“Бұл топты Хасан, Аслан, Ержан деген үш ағайынды басқарады. Фамилиясын нақты білмеймін, бірақ бәрі біледі. Бұл жігіттердің құрбаны болғандар көп. Олардың пышақтайтын әдеті бар. Тіпті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілін де пышақтап кеткен. Одан бөлек кеден қызметкерінің басынан түтікпен (трубо) ұрған. Бұл олардың ең танымал қылмыстары", – деді атын атамауды өтінген Талғар тұрғыны. 

Аталған қылмыстық топ Шерзат Болаттың өліміне қатысы барын Алматы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалқаров жоққа шығарды.  

"Бізде "Хутор бандасы" деген сөз жоқ. "Хутор" деген атпен жүретін қылмыскерлер де жоқ. Қазір қылмыс болған жерде сараптама жасап жатырмыз. Қанша ұрлық болды, учаскелік инспекторлар қанша қылмысты өткізіп алды, бәрін анықтап жатырмыз. Дәл осындай сұрақтар Ішкі істер министрінің нұсқауымен жасалып жатқан қызметтік тергеу барысында да қойылады. Осы аумақта болған, тұратын және жұмыс істейтін аталған учаскелік инспекторлардың әрбір әрекетіне қызметтік тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі. Бұл қызметкерлерге кәсіби жарамдылық біліктілігі беріледі", – деді Шалқаров. 

Ол Шерзатты өлтірді деген күдіктілер ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі ме деген сұраққа да жауап берді.

"Ұйымдасқан қылмыстың не екені туралы нақты түсінік беретін бап бар. Бұл ұйымдасқан қылмыстық топ жасайтын бір, екі, үш қылмыстан тұрады. Бұл жалғыз-жарым жағдай. Онда адамдар өздері, оқшауланған жағдайда жиналған. Бұл бір қылмыс", – деді Шалқаров. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды