3704

«Ешқандай митинг болмайды»: марқұм Шерзат Болаттың әкесі елді дүрлікпеуге шақырды

Шерзаттың әкесі іс туралы жариялап отыру үшін әлеуметтік желіден ресми парақша ашты.

«Ешқандай митинг болмайды»: марқұм Шерзат Болаттың әкесі елді дүрлікпеуге шақырды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талғарда кісі қолынан қаза болған 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов пен марқұм Салтанат Нүкенованың бауыры Айтбек Амангелді халықты ешқандай митингке шықпауға шақырды.

Қаржаубай Нұрымовтың видеоүндеуі марқұм Шерзат Болаттың ісі бойынша Instagram желісінде арнайы ашылған парақшада жарияланды. Ол парақшаны іс барысымен таныстырып отыру үшін құқық қорғаушылар ашқан.

"Қазақ елі, тағы айта кететінім, 14 қазанда ешқандай митинг, қантөгіс болмайды", - деп мәлімдеді ол.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор