«Біреу билікке қарсы әрекет етіп жатқан сияқты»: саясаттанушы Шерзаттың үйін өртеудің астарында не жатқанын түсіндірді
Саясаттанушы Шерзаттың үйін қасақана өртеп кету алаңдауға тұрарлық жағдай екенін айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысындағы Талғарда қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың үйінің өртенуіне қатысты саясаттанушы Ғазиз Әбішев пікір білдірді.
Саясаттанушының сөзінше, біреу мемлекетке қарсы шығып жатқандай.
“Біреу Қазақстан мемлекетіне қарсы шығып жатқан сияқты. Олар “Билік, бізге сенің берер түгің жоқ, құрметке лайықсызсың, заң мен тәртіпті сақтай алмайсың, енді бөлшектеніп құрып бара жатырсың" деп айтқысы келетін секілді”, – деді саясаттанушы.
Саясаттанушының айтуынша, марқұмның отбасының үйінің өртенуі – алаңдаушылық туғызатын жағдай. Оның пайымдауынша, ертең мұндай оқиғалар мемлекеттік қызметкерлерге – судьяларға, құқық қорғау қызметкерлеріне және шенеуніктерге әсер етуі мүмкін.
Оның ойынша, Талғар маңындағы оқиғалар мемлекеттің өміршеңдігіне қатысты мәселені көтереді.
Материал авторы