Биыл 14 жасқа толмаған 6 қыз жүкті боп қалған: Олардың көбісі зорланған қыздар

Аиса Махамбет Редактор
13.10.2024, 15:34
1335
Биыл 14 жасқа толмаған 6 қыз жүкті боп қалған: Олардың көбісі зорланған қыздар Canva

Ал 18-ге толмағандар саны 1651 боп шықты. Олардың 257 аборт жасатқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жыл басынан бері 18 жасқа дейінгі жеткіншектер арасында 1651 жүктілік және 257 аборт тіркелді. Бұл туралы Kazinform жазды.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі ай сайын жасөспірімдер жүктілігіне мониторинг жүргізіп отырады.

«Ай сайын 18 жасқа дейінгі жүктілік пен аборт саны қаралып отырады. Былтыр 2023 жылдың 9 айында жасөспірімдер арасында 2288 жүктілік пен 385 аборт тіркелген еді. Ал биылғы 9 айда – 1651 жүктілік және 257 аборт болған», - деді Шәкизат Халықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, спикер 14 жасқа дейінгі және 15-17 жас аралығындағы жүктілік статистикасы бөлек жүргізілетінін атап өтті.

«Өткен жылы 14 жасқа толмаған қыздар арасында 9 жүктілік жағдайы анықталды. Әрине, мұндай ерте жаста көп жағдайда зорлық-зомбылық салдарынан жүкті болған жағдайлар бар, бұл енді Әділет министрлігінің құзырындағы ақпарат. Біздің міндетіміз – жүктіліктің барлық кезеңінде медициналық көмек көрсету және бұл көмектер толыққанды көрсетілді. Биыл 14 жасқа толмаған 6 қыз бала көтерген», - деп толықтырды Ш. Халықова.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды