Қолайсыз ауа райының кесірінен Астанада кеше 100-ден астам жол апаты болған

13.10.2024, 16:13
697
Қолайсыз ауа райының кесірінен Астанада кеше 100-ден астам жол апаты болған nur.kz

Жол апатынан 12 адам зардап шеккен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 12 қазан күні елордада 100-ден астам жол-көлік оқиғасы болып, 12 адам зардап шекті. 

«Ауа райының нашарлауына байланысты (қар жауып, кей жерлерде көктайғақ пайда болады) 12 қазанда елорда жолдарында 118 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам дене жарақатын алды. Автокөліктердің жазғы дөңгелектермен жүрген ескере отырып, Полиция департаменті жүргізушілерден өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, күрт тежегішті баспауды, қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды, белгіленген орындарда тұраққа қоюды, жол бойында жеке көлікті қалдырмауды, патрульдік полицейлердің талаптарын орындауды сұрайды», - делінген Астана қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

Полиция департаменті астаналықтарға жолдарда өте мұқият болуды ескертті. Сонмен қатар полицейлер елордалықтарға күрделі метеожағдайға байланысты қала сыртындағы трассаларда қозғалыстың оқтып-оқтын шектелетінін ескере отырып, алыс сапарлардан бас тартуға кеңес береді.

«Жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілер де айрықша сақтықтық шараларын сақтауы керек. Өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін көшелерді белгіленген орындарда кесіп өтуге, жарық қайтаратын элементтерді пайдалануға, құлаққаптарды алып тастауға және жолдан өту кезінде телефон арқылы сөйлесуді тоқтатуға кеңес береміз», - деп атап өтті ведомстводан.

Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті