«Талғардағыдай жағдай қайталанар еді»: Алматы көшелерінде пышақ ұстаған үш ер адамның жүргіншілерді қорқытқан видеосы таралды
Әлеуметтік желіде Алматыда көшелерінде белгісіз үш жігіт мас күйде көлік айдап, пышақ ұстап жүргені туралы видео таралды. Бұл туралы Stan.kz жазды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, видео авторы ер адамдарға неліктен жүргіншілерді суық қару ұстап, қорқытып жүргенін сұрайды.
“Алматыда байдың балалары ішіп алып, қаланың қақ ортасында қолында "охотничий" пышағын ұстап жүр. Мас күйде көлікті басқарған. Сәл болмағанда Талғардағы жағдай қайталайын деп қалды", – деп жазды видео авторы.
Видеодан сақал-мұрты бар белгісіз жігіттердің ер адамға жақындап, боқауыз сөз айтқанын естуге және қолдарында пышақ бар екенін көруге болады.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор